Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үкімет басшысы батыс өңірде жүр

23 қараша 2012, 14:05

Сәрсенбінің сәт­ті күні Үкімет бас­шысы Серік Ахметов Маңғыстау облысы Жаңаөзен қа­ласына жұмыс са­парымен барды. Мұ­найлы шаһардың тыныс-тіршілігімен танысты. Үкімет бас­шысының са­пары Жаңаөзен қа­ласының ке­шен­ді даму жоспарына сәйкес салынған әлеу­мет­тік нысандарды ара­лаудан басталды.
Серік Ахметов Жаңаөзенде бюд­жет­тік сала  қызметкерлері және жас отба­сы­ларға «Рауан» ықшамауданында жаңа тұр­ғын үй кешені пәтерлерінің кілтін та­быс етіп, қоныс той иелерінің қуаны­шы­мен бөлісті. Бұл 200 пәтерлік тұрғын үй мем­лекеттік қазынаның есебінен салы­нып отыр.
«Жаңаөзен  қаласын дамыту мәселесі Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше ба­қы­­лауын­да, сондықтан да бұл мәселе бойын­ша жұмыстар әрі қарай жалғасын табады», – деді Серік Ахметов.
Осы орайда Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхаметжанов Жа­ңа­өзен қаласының әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуы басты назарда екенін айт­ты. «Жаңа­өзен­де көптеген жаңа нысан бой көтереді. Балабақша салынып жа­тыр. Жол, ескірген үйлер сырланып, жөн­делуде. Әлі талай үлкен істердің куәсі боласыздар», – деді әкім.
Бұдан кейін Серік Ахметов мемлекет қа­зы­­насы есебінен балаларға арнап салын­ған 60 орындық шағын орталықты аралап, Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» АҚ «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» база­сы­ның мұнайшыларымен кездесті. Кездесу ба­рысында халықтың тұрмыс деңгейін жақ­сарту, қаланың инфра­құ­ры­лымын да­мыту мәселелері талқы­лан­ды. Осы бағытта «Өзенмұнайгаз» меке­месінде кеңес өткізді. Басқосуда сөз алған облыс әкімі Бауыржан Мұха­мет­жа­нов Жаңаөзен қаласының әлеу­меттік-эко­номикалық дамуы бағы­тын­да атқа­рыл­ған кешенді жұмыс­тарды атап өтті. Әкімнің айтуынша, аймақта кәсіп­керлікті дамыту аясында 50 жоба іске асырылып келеді. Елбасының тапсырмасы бойын­ша, Жаңаөзеннің өркендеуіне 38 жоба жасақталды, қазіргі таңда оның жұмы­сы нә­тижелі. Сондай-ақ облыс әкімі об­лыс­ты сумен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты зерттеліп, нақты шаралар қол­ға алын­ғанын жеткізді.
Ал Серік Ахметов Маңғыстау облы­сы­ның әлеуметтік-экономикалық да­муына қатысты бірқатар тапсырма берді. Дә­лірек айтқанда, Үкімет басшысы облыс әкім­ді­гіне мүдделі органдармен бірлесіп, өңірді әрі қарай дамыту, «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағдар­ла­масы бойынша жұ­мыс­тың белсенділігін арт­тыру, шағын бизнестің облыс эконо­микасына үлесін арттыруды қам­тамасыз ету және азаматтарға шағын несиелер беру мәселесіне назар аудару жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
«Бюджет қаржысын уақтылы және тиім­ді пайдаланылуын қамтамасыз ету, «Қолжетімді баспана–2020» бағдар­ла­масы бойынша тұрғын үйлерді уақтылы іске қосу керек. Осы бағдарлама бойынша Маңғыстау облысында, оның ішінде Жаңа­өзенде ескі және апатты жағдайдағы үйлердің проблемаларын шешуге 2013-2014 жылдары 5 млрд теңге қаржы бөлу қарастырылған», – деді С.Ахметов.
Облыс әкімдігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-пен және «ҚазМұнайГаз» АҚ-пен бірлесіп, Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешімге келу туралы тапсырма берілді.
Жиыннан соң Үкімет басшысы Серік Ах­метов жұмыс сапарымен Атырау облы­сына жүріп кетті.
***
Бейсенбі күні сапарын Қашаған кен орнынан бастаған Серік Ахметов «D» жа­сан­ды аралындағы жұмыстармен та­ны­су­дан бастады. Әлем көз тіккен бұл кеніш іске қосылғанда тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өндірілетін болады. «Қа­ша­ған» жобасының тағы бір нысаны «Бо­ла­шақ» зауытына да ат басын бұрған Пре­мьер мұнай мен газды кешенді тасымалдау жұмыстарына әзірліктің технологиялық қырлары және зауыттың Қашаған кен орнынан тауар­лық мұнайды қабылдауға дайындығы жайында мәселелерді қоз­ғады. «Болашақтың» жұмысымен та­ныс­тыр­ған зауыттың іске қосу жөніндегі бас­шысы Әлібек Тасимов орталық басқару жүйесінің қызметіне және мұнай мен газды кешенді тасымалдау жұмыстарына әзір­лік­тің технологиялық дайындығына тоқталды. Зауыт жыл сайын 22,5 млн тонна мұнай мен 6 млрд текше метр газды қайта өң­деуден өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қызметтік сапарын Атыраудағы отан­дық өнім өндіруші «Шеврон Мұнай ГазИнк» зауытында аяқтаған Серік Ахметов индустрияландыру картасы бойынша іске қосылған нысанның өнім­деріне қызы­ғу­шылық танытты. «Шеврон Мұнай ГазИнк» зауыты жылына сумен жабдықтауға және кәріздік жүйелерге пайдаланылатын диа­метрі 25 мм-ден 1200 мм-ге дейінгі 15 мың тоннадан ас­там полиэтилен құбыр­ла­рын шығарады. Халықаралық сер­ти­фи­кат­ты иеленген зауыт өнімдеріне күн өткен сайын сұраныс артып келеді.