Саяси сахна

Үкімет басына кім келеді – саясаттанушы үш адамның атын атады

  • Үкімет басына кім келеді – саясаттанушы үш адамның атын атады

    Үкімет басына кім келеді – саясаттанушы үш адамның атын атады

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев парламент сайлауынан кейін жасақталатын үкіметтің жаңа құрамына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Оның болжамынша, үкіметтің басым бөлігі қайта тағайындалады. Өйткені бізде тәжірибелі кадрлар көп емес, дейді сарапшы. "Сосын қазіргі премьер-министр Асқар Мамин барлық дерлік саяси күштердің көңілінен шығып отыр", - деді Әшімбаев.

Сонымен қатар ол кейбір министрлер ауысады деген пікірде. Оларды өңірлерді күшейту үшін жіберуі мүмкін. Себебі соңғы бір жылдың ішінде әкімдіктердің жұмысынан біраз олқылық шықты. Соны түзету үшін орталықтан адам жіберу керек, дейді саясаттанушы. Осы орайда Әшімбаев білім және денсаулық сақтау министрлерінің ауысына қатысты өз ойын айтты.   

"Енді бізде білім, денсаулық министрлерін жиі сынайды ғой. Білімнің өзі жиі сынға ұшырайтын сала ғой. Министрді (Асхат Аймағамбетов &ndash ред.) ауыстырайық дейді. Алайда оның осы қызметке келгеніне көп болған жоқ. Ал белгілі бір проблеманы шешу үшін үш-төрт жыл қажет. Сосын бірізділік керек. Осы салада проблема көп. Ал карантин көп проблеманы ушықтырып жіберді", - деп түсіндірді сарапшы.

Ол денсаулық сақтау министрінің жұмысына көңілі толмайтынын жасырған жоқ. Бірақ мемлекет тарапынан өзгеріс жасау ниеті болмаса, министрді ауыстыру мәселесі көтерілмейді. Бұдан бөлек, әділет министрі Марат Бекетаев та бірнеше рет сынға ұшырады, дейді Әшімбаев. Жалпы, ротация болады. Бірақ, оның айтуынша, жаңа адамдар келмейтін сияқты.   "Бәлкім, мәжіліске вице-премьер Ералы Тоғжанов барады. Ал үкімет басшысы қызметіне қазіргі Асқар Мамин лайықты. Сосын мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Nur Otan төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті атап жатыр. Осы үш кандидат", - деді Әшімбаев. 

Sputnik Қазақстан. 




Көрілген: 3816    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.01.2021, 16:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28