Саяси сахна

Үкімет жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысын қарады

  • © primeminister.kz/

    © primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысы қаралды.

 

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады. Жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-қадамында қарастырылған. Бұл шара жеке тұлғалар кірістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар үшін жалпыға ортақ декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталды.

 

2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды.

 

2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, ал 2025 жылдан бастап азаматтардың барлық қалған санаттары тапсыра бастайды.

 

Қазақстанда декларацияларды қабылдау бойынша электрондық сервистер жұмыс істейді: салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» арнайы мобильді қосымшасы.

 

Жыл сайын электрондық базалар жетілдірілуде, сондықтан азаматтарға Қазақстанның мемлекеттік органдары мен банктерінде тіркелген мүлкі мен активтері туралы мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ.

 

«Басталған жұмысты бекітілген мерзімдерге сәйкес орындап, жалпыға ортақ декларациялауды енгізу бойынша халыққа түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізу қажет», — деді А. Мамин.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 20:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30