Саяси сахна

"Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады

  • "Үкімет мұны түсінген жоқ": депутаттар Маминді қолдамады

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Асқар Мамин премьер-министр болып сайланды. Отырысқа қатысқан 99 депутаттың 78-сі Маминді қолдап дауыс берсе, 21 адам қалыс қалды

Қазақстан халық партиясының көшбасшысы Айқын Қоңыров мәжіліс отырысында ҚХП фракциясы мемлекет басшысының премьер-министр Асқар Маминді қайтадан үкімет басшысы етіп тағайындау туралы ұсынысын қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол партия мүшелерінің қазақстандықтармен кездесу кезінде президенттің тапсырмалары баяу орындалатыны туралы халықтың наразылық білдіргенін жеткізді.

"Біздің халқымыз өте шыдамды және мейірімді. Халыққа сіз секілді ашық айтар болса, олар бәрін түсінеді, алайда үкімет мұны түсінген жоқ. Үкімет халыққа сенім ұялататын жүйе құра алмады. Пандемия және шикізат бағасының құлдырауы халық табысының төмендеуіне әкелді. Азаматтар өз табыстарының 50%-тен астамын тек азық-түлікке жұмсады, себебі Қазақстанда азық-түліктің бағасы ЕАЭО-да ең қымбат болып отыр. Ал үкімет статистиканы түзеп қана отыр", &ndash деді Қоңыров.
Айтуынша, бұл халыққа ұнамайды, себебі ол сандар адамды тойдырмайды, несиені төлеп бермейді.

Қоңыров қандай уәж айтты

Сонымен қатар Қоңыров ел президентіне Қазақстан халық партиясының мәжіліс және мәлихат депутаттары үкімет пен әкімдердің қарапайым халық мәселесін шешуден қашпауы үшін бәрін істейтінін айтты.

"Президент мырза, бүгін Қазақстанның халық партиясының фракциясы, өкінішке орай, сіздің премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Маминді, оның министрлер кабинетінің мүшелерін қызметінде сақтау туралы ұсынысыңызды қолдай алмайды және дауыс беру кезінде қалыс қалады", &ndash деді Айқын Қоңыров.




Көрілген: 1064    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 21:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31