Саяси сахна

Үкімет пилотсыз ұшатын аппараттардың қозғалысын реттейтін жаңа қаулы шығарды

  • Үкімет пилотсыз ұшатын аппараттардың қозғалысын реттейтін жаңа қаулы шығарды

    Үкімет пилотсыз ұшатын аппараттардың қозғалысын реттейтін жаңа қаулы шығарды

ҚР Үкіметінің пилотсыз ұшатын аппараттардың қозғалысы реттейтін жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құжат ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында жарияланды.

Қаулының бұрынғы нұсқасынан айырмашылығы - пилотсыз ұшатын аппараттың қозғалысы кезінде сақталатын арақашықтыққа қойылатын талаптар өзгерген. «82-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын», -делінген қаулыда. Сонымен пилотсыз ұшатын аппараттарының ұшуы: 1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен кемінде 1500 метр көріну және тігінен кемінде 300 метр бұлттың төменгі шекарасы) шартымен; 2) бақыланатын әуе кеңістігінде әуе қозғалысын басқару орталықтарының қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады. Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді; 3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда, әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан немесе шекараны көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс орналасқан әуе кеңістігінде орындалады. Қаулының бұрынғы редакциясындағы 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтар алынып тасталатыны да айтылған. Бұл тармақтарда пилотсыз ұшатын аппаратты қолдану кезінде оны тізгіндеген тұлғаның басқа адамдардан қанша аралық сақтау қажеттігі көрсетілген болатын.
ҚазАқпарат




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.01.2022, 21:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31