Саяси сахна

Үкімет санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қарады

  • © primeminister.kz/

    © primeminister.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

 

Қазіргі жағдай мен халықты вакциналау барысы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

 

Қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 ауруы бойынша ахуалдың жақсару серпіні байқалады. Вирустың репродуктивті индексі 0,98 құрайды. Аурухана төсектері 36%, реанимациялық төсек орындар 28% толы.

 

6 өңір — Нұр-Сұлтан, және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары «қызыл аймақта» тұр.

 

Бүгінде Қазақстанда вакцинаның бірінші компоненті 1,9 млн жуық адамға, екінші компоненті шамамен 800 мың адамға егілді.

 

Қоймалар мен медициналық мекемелерде вакциналардың жеткілікті көлемі бар. Вакциналау кесте бойынша жүргізілуде.

 

«Өңірлерде вакциналауды арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер мәселені ерекше бақылауда ұстасын. Адамдарға вакцинаны таңдау құқығы және тиісті ақпарат берілуі тиіс», — деді А. Мамин.

 

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне вакциналау арасындағы аралықты нақты анықтап, халықтың сұраулары мен қалауына назар аударуды тапсырды.

 

Премьер-Министр шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

«Ashyq» қосымшасын пайдалану оң нәтижесін беріп отыр. Соның арқасында қызметтер көрсету саласындағы бизнестің жұмыс істеу мүмкіндігі жақсарды, оларға келуші адамдардың қауіпсіздігі артты. Қосымшаны пайдалану салаларын одан әрі де кеңейту қажет», — деді А. Мамин.

 

 

 

primeminister.kz




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 10:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31