Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үкімет Заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдады

27 желтоқсан 2022, 14:24

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы және 2023 жылға арналған жоспардың жобасы қаралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Әділет министрі Қанат Мусин 22 заң жобасының төртеуіне Мемлекет басшысы қол қойғанын, тоғызы Парламенттің, тағы тоғызы Үкіметтің қарауында екенін айтты. Үкіметтің қарауындағы заң жобаларын желтоқсан айының соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр. Осылайша, осы жылдың жоспары толық көлемде орындалмақ.

 

Оның айтуынша, 2023 жылға арналған жоспар 24 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Оның 13-ін Парламентке бірінші жартыжылдықта, тағы 11-ін екінші жартыжылдықта енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жекелеген заң жобалары Ведомствоаралық комиссия мақұлдағаннан кейін жоспар жобасына, оның ішінде Бюджет кодексіне, Қала құрылысы кодексіне, масс-медиа мәселелері жөніндегі заң жобасына және басқаларға енгізілетін болады.

 

Премьер-Министр биыл конституциялық реформа мен Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Алдағы жылы да бұл реформалар жалғасын таппақ.

 

Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, әзірленіп жатқан заң жобаларының тізбесіне уақытылы енгізу үшін Мемлекет басшысының заңнамалық тапсырмаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыру қажет.

 

«2023 жылға арналған жоспарға 24 заң жобасы кіреді. Олардың ішінде әзірленіп жатқан Су кодексі, “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы”, “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” және “Аквадақыл туралы” заң жобалары ерекше маңызға ие. Заң жобаларының сапалы, уақытылы әзірленуі мен ұсынылуына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздері жауапты болады», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.