Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

05 наурыз 2022, 11:20

Биылғы 4 наурызда Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

 

Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.

 

«Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды», — деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

 

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.

 

 

 

primeminister.kz