Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үкіметтің жауапкершілігін бөлісетiндер табылды

21 қаңтар 2011, 18:14

Дүниежүзін дүрбелеңге салып, елімізге де суық ызғарын сез­ді­ріп жатқан экономикалық дағдарысқа қарсы енді Үкіметпен бір­ге «Нұр Отан» да үлкен қадам жасамақ. Бұл туралы кеше ел­ордада өткен билік партиясы депутаттарының форумына қаты­су­шылар мәлім етті. Мамырдың 15-і күні Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ съезі өтетіні белгілі. Алқалы жиын алдында ел аза­маттарына жасаған мәлімдемесінде партия өкілдері ендігі уа­қытта дағдарысқа қарсы бағдарламаның тиімді атқарылу жауап­кершілігін Үкіметпен бірге мойындарына алатынын жария етті.
Форумға қатысып сөз сөйлеген Премь­ер-министрдің орынбасары Се­рік Ахметовтің мәліметіне сүйенсек, Үкімет дағдарысты еңсеруде ештеңеден аянып жатпаған секілді. Бір ғана мысал, жыл басынан бері әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған 4000-ға жуық ме­морандумға қол қойылыпты. Бұл – Ел­басы атап көрсеткен бизнестің әлеумет­тік жауапкершілігін арттырудың негізгі ұстанымына жауап беретін жайт. Қар­жы­лық дағдарыстың бір қыспағы жұ­мыссыздық жайы десек, Үкімет бекіткен «Жол картасы» ол қиындықтың да жөнін келтіріп, тігісін жатқызуда үлкен жол сілтеп отыр. Бұл мақсатта ел қазына­сынан қаржы да қарастырылып қойған. Атап айтар болсақ, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мен жастар тәжірибесін арттыру бағытында бюджеттен 8,6 мил­лиард теңге бөлінді. С.Ахметов «Жол картасы» аясында 260 мыңдай жұмыс орны ашылып, 4,7 мыңға жуық нысан жұмыс істей бастайтынын айтты. Ал жұмыскерлерді қысқартпау жайында қол қойған меморандумдардың нәти­жесінде өндіріс орындары өз уәделерін 98 пайызға орындауда. Соның арқа­сында 5000-ға жуық кәсіпорында 700 мың жұмысшы алаңсыз қызмет етіп жа­тыр. Негізгі құрамы нұротандықтардан ғана құралған Парламент депутаттары іске кіріскеннен бері Үкімет дайындаған 180 заң жобасын мақұлдаған. «Олар­дың 159-ы заңдық күшіне еніп үлгерді», – дейді Мәжіліс төрағасы Орал Мұ­хаметжанов. Форумға қатысқан Серік Ах­метов «Нұр Отан» партиясының ха­лық­тық тұғырнамасы Үкімет үшін әлеу­меттік-экономикалық саясатты қалып­тастыратын негізгі бағыт екенін қадап айт­ты. Премьер-министрдің орынба­са­ры партия тұғырнамасынан орын алған ел азаматтарының сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету, жоғары технологиялар мен бәсекеге қабілетті экономика құру, білім-ғылым саласын дамытудың бәрі Үкімет дайындаған бағдарламалар мен жоба-жоспарлардағы міндеттермен ба­рынша сәйкес келетінін тілге тиек етті.