Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Украинадағы президент сайлауы: Алғашқы айналымдағы нәтиже белгілі болды

01 сәуір 2019, 10:22

Украинадағы президент сайлауының алғашқы экзитполдары жарияланды. "Ұлттық экзитпол" екінші кезеңге әзілкеш Владимир Зеленский және қазіргі президет Петр Порошенко өтеді деп болжап отыр. Алайда Тимошенко үшінші орынды еншілейтінін мойындамайтынын мәлімдеді деп хабарлайды. Бұл туралы ВВС-дің Орыс қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ұлттық экзитполды" "Демократиялық бастамалар" қоры ұйымдастырған. Киевтік халықаралық әлеуметтану институты және Разумков орталығы сайлау участкелеріне келгендердің арасында сауалнама жүргізген.

"Ұлттық экзитполдың" қорытынды мәліметтері бойынша, бірінші орында - 30,6% әзілкеш Владимир Зеленский тұр.

Әлеуметтанушылардың сұрақтарына жауап берген сайлаушылардың көбі актерге дауыс бергендерін мойындаған. Қазіргі президент Петр Порошенкоға 17,8% сайлаушы дауыстарын берген. Тағы 14,2% "Батьковщина" жетекшісі Юлия Тимошенконы таңдағанын айтты.

Осылайша екінші кезеңге Порошенко мен Зеленский өтеді деп болжануда.

"112 Украина" арнасының экзитполы да сондай болжам жасаған: Зеленский - 30,7%, Порошенко- 18,6% және 13,9% Тимошенко.

Украина президент айлауының бірінші кезеңінде соңына дейін шиеленіске толы болды. Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері бойынша, сайлаушылардың 20% соңына дейін таңдауларын жасамаған. Сауалнамалардың көпшілігінде Зеленский алғашқы орында тұр.

Алайда екінші орын белгісіз болды. Біреулер екінші орынға Тимошенко жайғасады десе, тағы біреулер Порошенко екінші орынды алады деп болжады.

Разумков орталығы, "Социс" орталығы және Киевтік халықаралық әлеуметтану институтының қаңтардың аяғында өткізген сауалнама қортындысы бойынша украиндықтардың 71% елдің даму үрдісі дұрыс бағытта емес екенін айтса, азаматтардың 61% пайыз елге өзгеріс қажет екеніне сенімді.

Украина президентінің екінші кезеңі 21 сәуірде өтуге тиіс.

Жаңа сайланған Украина президентін ұлықтау рәсімі 2019 жылдың үшінші маусымға дейін өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, Украинада президент сайлауы 31-ші наурызда таңғы сегізде басталған болатын.