Саяси сахна

Украинадағы соғыста сепаратистер үшін қазақ жігіті соғысып жүр

  • Украинадағы соғыста сепаратистер үшін қазақ жігіті соғысып жүр

    Украинадағы соғыста сепаратистер үшін қазақ жігіті соғысып жүр

Қазақстан азаматтары Сириядан бөлек, Украинаның Шығысындағы соғысқа қатысып жүр. Бір қызығы, өткен айда ғана Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын. Енді нақты айғақ табылып отыр.
Ғаламторда бүлікшілердің қатарында соғысып жүрген қазақ жігіті туралы видео пайда болды деп хабарлайды КТК арнасы. Интернетті шулатқан бейнежазбаны қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріп жатыр.
Бейнероликтегі жігіт өзін Нұрлан деп таныстырып, лақап аты "Найман" екенін айтады.
Семейде туып Екібастұз қаласында тұрған 26 жастағы Нұрлан Игенов деген азамат ресейлік арналардан өліп жатқан адамдарды көріп Украин әскеріне қарсы соғысуға келгенін айтады.

Міне, Калашников автоматын ұстап, Новороссия деген жазуы бар сепаратистердің киімін киіп алған. Ал мына суретте өзі секілді жан-жақтан келген қаруластырымен тұр.
Нұрлан мамандығы бойынша журналист екен. Екібастұзда жергілікті радиода ди-джей болып істеген. Ал оны Донецкідегі бүлікшілер әскери тілші қылып ұрыс алаңына ертіп жүріпті.
Кейін отандасымыз Украин армиясы бейбіт тұрғындарды қырып жатыр деген сарында бейнематериалдар әзірлеп, интернетке салып отырған. Кейін сол жазған өтірігіне өзі сеніп қалған сыңайлы.
"Мен барлығын түсінемін. Бұл менің таңдауымым. Бұл жерде қаланы күзетесің бе, әлде батальон құрамында болғың келе ме өз еркің. Мен өз-өзімді жоғалтып алған адаммын. Осында келіп өзімді таптым. Шын айтамын", - дейді Нұрлан Игенов.
14 минуттық бейнероликте жерлесеміз Донецкіде қалуға бекінген. Сондағы ойы тәуелсіз Украинаның Шығысын екіге бөліп бөліп, бүлікшілермен бірге Новороссия мемлекетін құру.
Нұрланның Астанада тұратын анасы 26 жастағы ұлының Украинаға кеткенін білетінін, бірақ жеке шешіміне қарсылық таныта алмағанын айтты. Ал саяси көзқарасы қалыптасып үлгермеген жігіттің үгіт-насихатқа көзсіз сеніп, ақша емес, идея үшін басқа мемлекеттегі соғысқа кеткені қынжылтады. Себебі Сирияға аттанып жатқандар да Нұрлан сияқты өзгелердің геосаяси мүддесі үшін жат жерде қаза тауып жатыр.
Қазір бөгде мемлекеттегі соғысқа кеткен Нұрлан Игеновтың ісімен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті айналысуда. Ғаламторды дүр сілкіндірген жазбаны тексеріп, екібастұздық жігіттің Украинаның Шығысына қалай кеткенін, кімдердің жәрдем бергенін шұғыл анықтап жатыр.
Ал жерлесіміз Қазақстанға қайтарылған жағдайда 7 жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Себебі заңға енгізілген өзгеріске сай, шетелдегі қақтығыстарға қатысқандарға осындай жаза қарастырылған.
NUR.KZ




Көрілген: 2431    Пікірлер: 4

дүйсенбі, 20.10.2014, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 00:45
    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31