“Украинаны кез келген әдіспен қолдаңыздыр" – Зеленский Grammy сыйлығын тапсыру салтанатында сөз сөйледі

04 сәуір 2022, 13:44

Украина президенті Владимир Зеленский Лас-Вегаста өткен Grammy байқауының қатысушыларына бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол қатысушылар мен көрермендерді “кез келген әдіспен” Украинаны қолдауға шақырды.

"Соғыстың кесірінен бірнеше қаламыз қиратылды. Мен Украинаны сахнадағы сіздер секілді еркін болғанын армандаймын. Бүгінде біздің музыканттар сахналық емес, әскери киіммен жүр.  Сондықтан бізді кез келген әдіспен қолдаңыздар, тек үнсіз қалмаңыздар. Сонда ғана бейбітшілік орнайды", – деді Владимир Зеленский. 
Оның үндеуінен кейін Джон Ледженд деген атпен танымал америкалық әнші Джон Роджер Стивенс және украиналық ақын Любовь Якимчук Украинаға арнап, ән орындады.

Grammy марапаты осымен 64-рет тапсырылды. Рәсімді 31 қаңтарда өткізу жоспарланғанымен, омикронның тарауына байланысты кейінге қалдырылған болатын.