Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Украиндар соғыстың кесірінен Рождествоны қараңғылықта қарсы алуға мәжбүр – Рим Папасы

26 желтоқсан 2022, 11:03

Рим Папасы Франциск Рождество мерекесінің қарсаңында Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

 
Рождество мерекесінің қарсаңында Рим Папасы әлемнің түпкір-түпкірінде экономикалық және қарулы қақтығыстардың салдарынан жапа шегіп отырған адамдарға алаңдаушылық танытты. Соның ішінде, ол Африка, Сирия, Гаити, Иран сияқты елделді еске алды. Сонымен қатар Украинадағы соғысты да сөз етіп, ондағы халықтың ауыр қазасына тоқталды.

«Біздің украиндық бауырларымыз 10 айға созылып келе жатқан соғыстың салдарынан Рождество мерекесін үйінен жырақта, қараңғылық пен суықта қарсы алуға мәжбүр», - деген Рим Папасы бұл елдегі соғысты тоқтатуға шақырды.


«Құдайымыз осы азапқа шыдап отырғандардың бәріне көмек қолын созып, осы соғысты тоқтатуға билігі барларға ақыл-ой беріп, бұл мән-мағынасыз соғысты тезірек аяқтатсын», - дейді тілегін айтқан ол.