ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы елдегі тәртіпсіздіктің қайталанбайтынын айтты

17 қаңтар 2022, 10:20

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздіктің келесі толқыны болмайтынын атап өтті.

RT арансына берген сұхбатында ол елімізге бітімгер контингент келгелі Қазақстанда ҰҚШҰ күштері күзететін нысандарда содырлармен бірде-бір қақтығыс тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Мен қандай да бір кек алудың немесе жаңа толқынның қаупі бар деп ойламаймын. Мұның мүмкін емес екеніне сенімдімін, өйткені, біріншіден, жағдай бақылауда. Екіншіден, қазір болған жағдайдың мән-жайын және оған қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деді Ситанислав Зась.
ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы бұл оқиғадан қазақ халқы ғана емес, мемлекет басындағылар да сабақ алғанын атап өтті. Сондай-ақ ол ҰҚШҰ қызметін қайта құрылымдаудың қажеті жоқтығын мәлімдеді.

Мен біздің қызметті қайта құрылымдаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Себебі, біздің ҰҚШҰ-да құрған жүйеміз іске асты, — деді ол.

Ұйымының Бас хатшысы жергілікті халықтың бітімгерлік күштерге деген көзқарасы туралы да айтып өтті.

Жергілікті халық олардың қиын-қыстау кезеңде өздеріне көмекке келгенін түсінді. Осы күндер ішінде жергілікті халық пен бітімгерлік күштер арасында ешқандай қақтығыс болған жоқ, — деді Ситанислав Зась.

exk.kz