Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына қатыспайды – СІМ

03 қазан 2022, 16:34

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ресей мен Украина арасындағы жағдайға араласпайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Смадияров Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендігі теңдігі және халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сәйкес, бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанатынын тағы бір мәрте атап өтті.

 

"Тұтастай алғанда, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген және ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шеңберінде қамтамасыз етіледі. Осылайша ҰҚШҰ-ның Ресей-Украина қақтығыс аймағына қатысу мәселесі күн тәртібінде жоқ", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.