Саяси сахна

"Үлкен қателігім болды": Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты

  • "Үлкен қателігім болды": Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы сөз қозғады. Бұл жайлы ол атақты режиссер Оливер Стоун бастамасымен түсірілген "Qazaq. History of the golden man" деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл менің ең үлкен қателігім болды. Ол қаржы полициясының басында тұрды. Ол мұны пайдаланып, бизнесті қыспаққа алып, ұнағанын тартып алып, ақша бопсалаған. Бір уақытта мен оған "Тоқтат" деп айттым. Сенесіз бе, менің күйеу балам осындай әрекетке барып отыр. Артында үш кішкентай немерем бар. Қызым келді, жанында үш немерем мен күйеу балам бар. Мен оларға: "Енді мен не істей аламын? Ол – қылмыскер" деп айттым", – деді Елбасы. 

 
"Бұл сізге өте ауыр тиген шығар?” – деп сұрады Оливер Стоун. 

"Расымен қиын болды. Басқа біреу болса бір жөн. Ал мұнда арқасүйеу болатын адамың осылай жасап тұр", – деді Назарбаева. 

Бұған қоса, ол Дариғаның жағдайын түсінетінін жеткізді. 

Айта кетсек, Рахат Әлиев Дариға Назарбаеваның күйеуі болған. 2008 жылы ол мемлекеттің билігін басып алуға талпынды және қылмыстық топ құрды деп айыпталып, сырттай кінәлі деп табылды. Десек те, Вена соты Әлиевті елге экстрадициялаудан бас тартты. 2015 жылы аустриялық БАҚ мәліметінше, Рахат Әлиев түрмеде асылып тұрған күйінде табылған. 




Көрілген: 884    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.07.2021, 10:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30