Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлттық құндылықтарды бағалаған елдің қашанда рухы биік - Аида Балаева

18 қараша 2020, 15:49

Ұлттық құндылықтарын бағалап, санасын саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ұлттық құндылықтарын бағалап, санасын саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек, рухы биік. Содан болар &ndash ұлттық құндылықтар дегенде әдетте халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, ана тілі мен өнерін, мәдениеті мен әдебиетін айтамыз. Бұл әрбір азаматтың «ұлттық кодына» басылған қайталанбас дүние. Ал енді, қоғамдық сана &ndash сол «ұлттық кодты» сақтай отырып, әрбір азаматымызды болашаққа баптай білудің бірегей құралы болмақ. Міне, осының бәрі &ndash Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының ізімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының түпкі мақсаты», - деді министр Сенатта «Ұлттық құндылықтар &ndash рухани жаңғырудың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.