Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды

08 маусым 2022, 18:44

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік хатшы құрылтай жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтетінін атап өтті. Ал жаңа консультатив-кеңесші орган құрамына депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ, өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді.

"Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі - қоғамдық нығайтуды одан әрі дамыту бойынша идеялар дайындау", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-арнасында.
 
Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы бір айдан кейін өтетінін айтқан еді. 

Tengrinews.kz