Саяси сахна

Үш АҚШ президентінің кеңесшісі болған Фредерик Старрдың сұхбаты

  • https://24.kz

    https://24.kz

Кезінде үш АҚШ президентінің Ресей мен Еуразия бойынша кеңесшісі болған және Вашингтонда Орталық Азия институтының негізін қалаған Фредерик Старр арнамызға сұхбат беріп, аймақтық дамудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».


Еуразиялық тақырыпта ондаған кітап пен жүздеген мақала жазған сарапшы аймақтық бірлестіктер мен интеграция ғана қауіпсіз болашағымызды қамтамасыз ете алады деп болжайды.


Фредерик Старр, Вашингтондағы Орталық Азия институтының негізін салушы:


- Оңтүстік-Шығыс Азияға қөз салайық. Бұл – мәдениеті, діні мен тілі жағынан қатты ерекшеленетін елдер. Дегенмен, өзара ынтымағы жарасымды. Жеке дара қолдан келмейтін дүниелерді бірігіп шешеді. Бұл – әр елдің дербестігіне нұқсан келтірмейді, керісінше, көмектесіп келеді. Сонымен қатар Еуропаның солтүстігіндегі елдердің одағы да бар. Бұл өте тиімді бірлестік. Қазақстанның да Ресей, Қытай, Америка, Еуропа секілді үлкен елдердің араласуынсыз Орталық Азияда осындай ынтымақ орнатқысы келетіні көңіл қуантады. Елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірінші күннен бастап осыны ұсынғанын білемін. Қасым-Жомарт Тоқаевтың да мақсаты осы. Келешекте бұл Қазақстан мен өзге де аймақтар үшін жемісті жол болатынына сенемін.


 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 21:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30