Саяси сахна

«Вакцинадан басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін» - Президент

  • «Вакцинадан басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін» - Президент

    «Вакцинадан басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін» - Президент

Бұл туралы ол Сергей Лавровпен кездесуі кезінде айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдау кезінде халықты жаппай вакциналауды жеделдету үшін біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізу керек екенін, екіншіден, халыққа екпе салдырудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Қазір жұрттың көпшілігі бұл шараның маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

6 сәуірде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Алайда, әлеуметтік желілерде азаматтар тарапынан Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар жиі қойылуда. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл сұраққа жауап беріп, Тоқаевтың келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыруға ниетті екенін мәлімдеді.




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31