Вице-премьер Қазақстанда мерзімді әскери қызметті алып тастауға қатысты пікір білдірді

07 маусым 2022, 16:16

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда мерзімді әскери қызметтен бас тартудың дұрыс болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отрысынан кейін вице-премьер тек келісімшарт бойынша қызметті қалдырып, мерзімді әскери қызметті алып тастау туралы сауалға жауап берді. 

“Меніңше, мерзімді қызметтен бас тарту дұрыс болмайды. Жастар әскери борышын өтеуі керек. Келесі мәселе барлық құзырлы органдар, бірінші кезекте Қорғаныс министрлігі, осы жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті", – деді Тоғжанов. 

Премьер-министрдің орынбасары әскери борышын Отардағы 25171 бөлімінде өтегенін айтты. 

“Түрлі жағдай болды, сарбаз да қайтыс болды. Ол кезде мерзімді әскери қызметке бару жалпыға бірдей міндетті еді. Бүгін ондай талап жоқ. Қазір жыл сайынғы қамту 35 мыңға тең, яғни әр жылы біз 35 мың адамды әскерге аттандырамыз", – деп қосты Тоғжанов.