Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зеленский әлем халқына үндеу жасады

19 желтоқсан 2022, 13:05

Украина президенті Владимир Зеленский әлем халқына үндеу жасап, бейбіт саммит өткізуге шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео украиналық саясаткер, блогер Алексей Арестовичтің Twitter-парақшасында пайда болды. 

"Президент бейбітшілікке арнайы үндеу дайындап, оны бүгін футбол чемпионаты финалының алдында көрсетуі жоспарланған еді.

Мемлекет басшысы жаһандық бейбітшілік саммитін өткізу туралы бастамамен барша адамзатқа үндеу жасады. Өтінемін, таратыңыз", - делінген жазбада.

Украина президенті Владимир Зеленский әлем чемпионатының финалында бейбіт саммит өткізуге шақырды.

"Украиналықтардан барлық футбол жанкүйеріне жалынды сәлем. Бүкіл планетаны әлем чемпионатының финалымен құттықтаймын! Бұл әлем чемпионаты түрлі ел мен халық отпен ойнамай-ақ, әділ күресте мықтыларды анықтай алатынын тағы да дәлелдеді", - деді Украина басшысы.