Зеленский қатты дауыстан қорқып, ыңғайсыз жағдайға қалды

23 қазан 2020, 22:02

Украины президенті Владимир Зеленский жұмыс сапары кезінде қатты дауыстан қорқып, ыңғайсыз жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Мариуполдегі Mariupol Ice Center мұз айдынының ашылу салтанатында болды. Оқиға кезіндегі видео YouTube-те пайда болды. 

Колонкалардан қатты дауыс шығып кеткен кезде Зеленский споршылармен сөйлесіп отырған. Шошып кеткен Украина президенті бірден құлағын жауып, оған күзет қызметшісі келген. 

"Бәрі дұрыс, бәрі дұрыс. Отырмын", - деді Зеленский.  

Сондай-ақ ол әкімшіліктен бұл дауысты қоспауды өтінді.