Саяси сахна

Зеленский Меркель мен Макронға ұсыныс айтты

  • https://qazaqtimes.com/

    https://qazaqtimes.com/

Украина президенті Владимир Зеленский француздық әріптесі Эммануэль Макронмен жақын арада Украина-Франция-Германия форматында жиын өткізіп, Донбастағы жағдайды талқылауға келісті. Бұл туралы «Украинформ» хабарлады.

Тараптар Қырым, Донбасс мәселесін талқыламақ.

Жиынға Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Украина басшысы Владимир Зеленский қатысады.

9 желтоқсанда Парижде «Норманд төрттігі» өкілдері бас қосқан. Кездесу барысында Зеленский:

«Украина – унитарлы мемлекет. Мен Украина президенті ретінде елдің ешқашан бөлінбейтінін және украин халқы біртұтас екендігін баса айтқым келеді. Федерация құрамына ену туралы ой туындамай-ақ қойсын. Украина тәуелсіз, дербес және демократиялық мемлекет. Украинаның шығысындағы жағдайды халықаралық тұрғыда шешу мүмкін емес, әрбір украин үшін Донбасс пен Қырым – Украина жері», — деп кесіп айтқан.

«Норманд төрттігі» саммиті – Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.

qazaqtimes.com 




Көрілген: 386    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 22:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31