Зеленский Тоқаевпен не жайында сөйлескенін айтты

03 наурыз 2022, 11:24

Украина президенті Владимир Зеленский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен не жайында сөйлескенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Тоқаевпен арадағы әңгіме жаңа ғана аяқталды. Өңірдегі күрделі қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Гуманитарлық салаларда ынтымақтасуға келістік. Байланыста боламыз", - делінген хабарламада.