Алаш прозасы

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: "ХЛЕБОРЕЗ" БАҚҚАРАЕВ...

  • Арман СҚАБЫЛҰЛЫ:

    Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: "ХЛЕБОРЕЗ" БАҚҚАРАЕВ...

...Баққараев бауырымның бастан кешкендерін ойлап отырып, марқұм Табылды досымның әзіл өлеңдері есіме түсіп кеткені. Студенттік альбомды ақтармағалы да ондаған жылдар өтіп кетіпті-ау!


Балкондағы шкафтың ішіндегі... қораптағы... түйіншектен таптым ғой әйтеуір. Сарғайған суреттерді парақтай бастағаннан есіл достың маржандай жазулары жарқ етіп алдымнан шыға келді. Ұлыларға жазған эпиграммаларды жақсы көруші еді...Курстастарына да соны тіледі ме, әйтеуір астарлы қалжыңдарын аямапты. Және де бір -бір шумақ өлеңдері белгілі бір оқиғадан сыр шертiп, Фотодағы адамның характерiн керемет ашқан. Міне, мен іздеген Баққараевтын суреті. Өте жүдеу көрінеді. Еріксіз мырс еттім...Есіме сексен бестің күзі оралғаны. Бірінші курстан соң бәріміз әскерге кетіп, екі жылдан соң КазГУ-iмiзге қайта оралғанбыз. Қалашықты басымызға көтеріп, шұрқырасып жатырмыз. Мауқымыз басылған соң, "кім әскерде қалай қызмет етті, қандай "звание" алды?" деп сұрасып жатпаймыз ба . Әркім әлі келгенше мақтанып бақты. Баққараев үнсіз... Бізге керегі де, қызығы да соның әңгімесі. Жан жағынан қаумалап, жанын қоймадық...Ақыры айтты-ау.

-Мен әскерде "хлеборез" болдым,- демесі бар ма...

Ду ете түстік. Әскерде болғандар біледі. Нан турайтындар армияда "жарты құдай"! "Тамағы тоқ, уайымы жоқ" дегендей. Баққараевымызға қарасақ ілмиіп әзер тұр. Сол кездегі Такеңнің сурет астына жазған әзілі:

"Хлеборез" болдым" деп оттамайық,

Ондай кәсіп аш емес, тоққа лайық, 

Ақ бөлкенің ішінде жүзіп жүрсең, 

Неге жүдеп кеткенсің Баққараев?.."




Арман СҚАБЫЛҰЛЫ 




Көрілген: 2145    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2015, 09:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Мамыр, 15:40
    Кәрім Мәсімов: ТАМЫР
    29 Қыркүйек 2015
    Майра ФАЗЫЛ: Ұйқы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30