Алаш прозасы

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: МҰҚАҒАЛИДЫ ІЗДЕУ

  • Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: МҰҚАҒАЛИДЫ ІЗДЕУ

    Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: МҰҚАҒАЛИДЫ ІЗДЕУ

Сол күні табанымыздан таусылып, Кеңсайда көп жүрдік. Баяғы үшеумiз – мен, Болатбек, Табылды. Алматының сыртында бүк түсіп жатқан өлілердің мекені сырт көзге ғана шағын көрінеді екен. Кішігірім қалашық дерсің.

Ұлылардың бәрі осында. Кездескеніне тізе бүгіп, топырақ алып тастауға жарап-ақ жатырмыз. Өзіміз Мұқағалидың қабірін іздеп жүрміз. Ауылдан Мұқағалимен «ауырып» келіп, Алматыда тағдыр жолы түйіскен арманшыл біздер үшін ақын ағаның рухы да осында ұшып жүргендей көрінетін. Таң атқалы нәр сызбаған біздер түс ауа шынымен де шаршай бастадық. Іргеде тұрған Татаркадағы үйімізге қайтқымыз-ақ келіп тұр. Мынау Табылды болмаса... Әбден сілеміз қатқан біздерге қарағанда қайтатын түрі көрінбейді. «Анау шығар, әне келдікпен» жол бастаған серкедей қабірлер қалашығын біраз шиырлатты-ау! Күн ұясына батар сәтте өлермен Табылдың өзі айтты. 

– Қайтайық! Бірақ, мен бәрібір табамын!

Қуана, қуана соңынан ердік. Үйге кіре бере байқадым, есіктің алдында жалғыз ғана раушан гүл бүр жарыпты. Әдемісін-ай! Алматының жаңа жауып өткен жаңбырынан қалған тамшылар гүлдің қауызына ілініп, мөлт-мөлт етеді. Үшеуміз соны біраз әңгіме қылып тұрдық...

Ертесі күн жексенбі еді. Кешегі жүрістен бе, қатты ұйықтаппым. Күн төбеге көтеріле бір-ақ тұрдым-ау деймін. Есіктің алдына шығып, керіле бергенім сол еді, жүрегім дір ете түсті. О, құдірет! Кешегі гүл жоқ! Әсемдігіне тамсанған әп-әйбат көріністің ғайып болғанына көңілім кәдімгідей түсіп қалды. Осы сәтте сыртқы есік ашылғандай болған. Ыржиып Табылым кіріп келеді екен. Бұл қашан шығып кеткен? Қайдан келеді? Өзі көңілді. 

– Таптым! Кеше жанынан сан мәрте өткен екенбіз. Баукеңнің дәл қасында жатыр екен ғой... – деп алабұртып тұр. Ақын рухымен армансыз сырласып қайтқан жан ғой, мынау! Біз сұқтанған сұлу гүлдің де кеткен жері белгілі болды... Сол жолы ұйықтап қалғаныма қатты өкінгенім-ай...



Арман СҚАБЫЛҰЛЫ 




Көрілген: 1731    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2015, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Мамыр, 15:40
    Кәрім Мәсімов: ТАМЫР
    29 Қыркүйек 2015
    Майра ФАЗЫЛ: Ұйқы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31