Алаш прозасы

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: "СВЕТОФОРЛАРДЫҢ БӘРІ ҚЫЗЫЛ..."

  • Арман СҚАБЫЛҰЛЫ:

    Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: "СВЕТОФОРЛАРДЫҢ БӘРІ ҚЫЗЫЛ..."

Тағы да сол Қанатбаевтың сабағына асығып келеміз. Асыққаннан не пайда, "отыз екінші" автобус аузы-мұрны тола адам толтырып алып, тасбақа жүрісінен танбайды-ау шіркін! Болатбек сыртқа қарап ойға батады мұндайда. Табыл бағдаршамның қызылы мен жасылы қалай жанғанын бақылайды. Өзінің ырымы бар. КазГУ-ге дейін жасыл шам көбірек жанса жолымыз болады деген сөз. Тіпті, осы ырымына шығарған әнiн де білеміз. Ұмытпасам қайырмасы "Дәл бүгін жолым болады-ау сірә, Светофорлардың бәрі көк!" деп келетін. Бүгін бағдаршамның қалай жанғанын білмеймін, бірақ, сабаққа қалай да үлгеруге тиіспіз. 

... "Отыз екіміз" ыңыранып КазГУ-ге жетті-ау әйтеуір. Жанталасып сыртқа ұмтылдык. Сыртқа шыға бере жүрегім дір ете түсті. Есіктің аузында билет тексеруші әйел тұр. Жардай болып тұрған оны көргенде бүгін билет алмағанымыз есіме сап ете қалғаны... Мұндай кәсіпте көбіне орыстың әйелдері істейді. Және де кілең қадалған жерлерінен қан алатындар. Қолына түссең Қанатбаевтың алдына сүйреп барудан тайынбайды бұлар....Сасқанымнан арт жағымды нұсқап, "Взади..." дедім... Өткізді. Артқа қарауға дәрмен жоқ. Болатбектiң де "Взади..." дегенін анық естідім. "Қашпақ болсаң зымыра!". Аялдамадан қалай қашқанымыз есте жоқ. Ентігімiздi аудиторияда бір-ақ басқанымызды білемін. Табыл әлі жоқ. Сабақ та басталды. Досымыз көрінбейді...

Үзілісте сыртқа шықсақ ыржиып Тәкең жүр. "Не болды? " дейміз ғой баяғы. 

- Әй, антұрғандар, сендердің айтқандарыңды қайталап, мен де "Взади..." дедім. Әлгі бәле жібермейді. Сөйтсем артымда... "Взади. .." дейтіндей ешкім жоқ екен. Әзер құтылдым. Манағы светофорлардың тек қана "қызыл" жанғанынан қорқып едім... - деп қояды аңғал дос...



Арман СҚАБЫЛҰЛЫ 




Көрілген: 1783    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2015, 08:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Мамыр, 15:40
    Кәрім Мәсімов: ТАМЫР
    29 Қыркүйек 2015
    Майра ФАЗЫЛ: Ұйқы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30