Алаш прозасы

Саттар Ерубаев. БАҚЫТ

  • Саттар Ерубаев. БАҚЫТ

    Саттар Ерубаев. БАҚЫТ

Мен бақытты көрсем деуші еді. Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: - Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін еді.

Менің бақытты көргім келді. Күн батушы еді шал қара көлеңкеде үйреншікті жолыменен күнде бір қалыпта кетіп бара жататын еді. Мен біраз қарап тұрар едім де, қараңдап кетті бара жатқан сыры белгілі, жұмбақ қайыршының аузынан шыққан «бақыт» деген сөзбен кеңінен елең салатын қараңғылықтан бір түрлі сескенер едім. Содан соң жылдам басып үйге келетін едім. Есікке жақындағанда шыққан қайыршының қара күңгірт даусын естіп, үйге жүгіріп кіріп, өзімнен - өзім «бақыт» дейтін едім. Төсекке жатқанда ұзын шал көз алдынан кетпей, даусы құлағымда тұратын еді. Мен жұмбақ «бақытты» көрсем дейтін едім.

I

─ Біздің үй Түркістан қаласынын оңтүстік жақ шетінде болатын еді. Бізбен бірге Жақсыбайдың үйі тұратын. Күн еңкейіп қақпаның тасасына түсіпті еді. Қақпа көлеңкесі ұзарып, бұрыштары Жақсыбай үйінің іргесіне дейін барушы еді. Осы уақытқа дейін Жақсыбайдың күн шуақта жамау жамап отырушы еді.

Барлыбай, көзі қарауытып:

─ Апа, қарным ашты ғой - дейтін еді.

─ Е, бақытсыз, бақытың жоқ қой, оны неге маған айтасың? - деуші еді Кунтүлім.

Осы уақытта түрілген балтыры балшық болып Жақсыбай келуші еді. Жақсыбай қалада қыш құйып, күнделікті жұмыс істейтін. Жақсыбайдың қолында шүберекке түңілген бір нәрселер көрінсе Кунтүлім Барлыбайына:

─ Бақытың бар екен, қарағым - деп күлімсірейтін еді. Бірақ бұл күліп уақытына күліп болған соң, бар қуаныш бетіне ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді. Кунтүлім орнынан тұрушы еді.

─ Шырақ, Жақсыбай келеді біздің үйге келмейсің бе? - дейтін еді.

Кунтүлімнің бақытты түрде шыққан даусы мені жүгіріп әкетіп, оның бақытты бетін көргім келетін де тұратын еді. Жақсыбай үй ішімен қуанышты түрде қарсы алатын; Менің ойымша бақыт тек Жақсыбайдың үйінде, онда да ылғи кешке ғана қонақ болып кететін сияқты еді.

Мен бақыт деген нан ба екен деуші едім.

II

Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім. Талай бақытпен қазір өзім бақыттың құшағындамын.

Мен көруге құмар болған бақыт - Қазір мені де, менің жолдастарымды да көтеріп, шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.

Бақыт өмірмен қатар келмеген екен, өмірмен араласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды екен, жүрегіңнен алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп, кісімсіндің. Мен бақытты көрдім. Бірақ Кунтүлімнің бақыты маған бір түрлі «өзгеше бақыт» болып, жататын төсегіңді, жүретін жерін, істейтін жұмысың, құшақтайтын жарың, өмір сүрген. Бақыт емес, күн батарда Жақсыбайдың нанымен бірге, қонақ боп кетуге келген бақыт болды.

Менің Кунтүлімнің бұрынғы бақытын қолыма ұстап, салмақтап көргім келді.

Былтыр оқудан қайтып, Кунтүлімнің күлімсіремей, қуанбай жүрген бір минуттен көргенім жоқ. Бұрын Жақсыбай нан әкелгенде күлімсірейтін болғандықтан ба, Кунтүлім бақытының күлімсіреуі, қуаныш болатындай болып көрінді. Бірақ Кунтүлім өзінің ең бір бақыттылығын күлмей, маңызды түрде отырып айтты. Біз де шын көңіліңізбен Кунтүлім бақытты екен десті.

Бір күні кешке жұмысынан қайтып, үй ішінің бәрі түгел отырғанда:

─ Жеңеше, бақытыңды, қуанышыңды айтып берсін - дедім.

Басқан қадамының барлығы бақыт болған соң, менің сұрауым өрескелдеу болды ма?

─ Өміріңді айт дейсің бе? - деді Кунтүлім, сонан соң бір отырып:

─ Оны айтармыз, менің бір түсім бар еді. Әлде сен оқып ержеткен соң менің «ертеңімді бұрынғыдай тыңдамайсың ба?

Біз қолқалап отырып айтқыздық. Кунтүлім, бірден бір сирек кездесетін бақытын басқаға қиғысы келмегендей отырғандарға біраз қарады да, маған түсін айта бастады.

─ Мен комбайнда өтеймін ғой. Анау күш жұмыстан қайтып келіп, ұйықтап едім, түс көрдім.

Түсімде сәске түс екен-ау деймін. Мен комбайнда барабанщик болып қырман басып жатырмын, бидайдың бауларын барабанға тастап жатып, қалың ойға кетсем керек, біреу:

─ Қане, салыңыз, тоқтап қалдыңыз ғой деген!. Жалт қарасам, кәдімгі өзіміздің Ильич Ленин. Күлімсіреп амандасты да: - Қырмандарың көбейсін, бауды бір қалыпты салыңыз, машинаңыз бұзылып қалар - деді, мен таң қалып тұрғанда комбайн тоқтап қалды.

Ленин дереу жеңін сыбанып алып, машинаны жүргізіп жіберді.

─ Машинаны таза сақтаңдар, моторын сүртіп, құрғатпай май құйып тұрыңдар, шырағым, мына машинаның қиын екенін үйренді, оқып комбайншы бол! - деді.

Содан соң қызыл тақта жерде жатыр еді, оны көтеріп жоғары іліп қойды.

─ Кунтүлім, бақытты екеніңді білесің бе? - деді Ленин.

─ Білем - дедім.

─ Білсең адал еңбек сіңір, партияның жол басшылығымен колхозды нығайт, жаңа өмір құруда белсене іске, басқаларды ұйымдастыр - деді Ленин.

Жолдасымның жерде шашылып жатқан бидай дәндерін көріп:

─ Бір түйір дән жерде қалмасын, ауқатты боламын десеңдер - бір дәнді шашпай, ұрлатпай, алдымен астықты үкіметке тапсырыңдар - деді.

Мен бір уақытта:- Кесем, сенімен сөйлесетін көп сөзім бар еді - дедім.

─ Онда менің партияммен сөйлес, онымен сөйлескенің менімен сөйлескенің – деді.

─ Қалай сөйлесем? - дедім.

─ Астық жоспарларыңды орындаңдар. Партиямен сөйлескеннің, сөйлесе білгенің осы -деді.

─ Жаңалық қой, кесем біздің де бидайымызды жеп көрсін, біраз бидай берсем қайтеді -деп ойланып едім, оны сезе қойып:

─ Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер, бидай еңбеккүнге, адал еңбекке беріледі, сонсын ауқатты боласыңдар – деді. Сонан соң политотделге қарай кетті.

Кунтүлім сөзін бітірді. Мүмкін, Лениннің тағы да айтқандары бар шығар, мүмкін ол сөздерін тұп - тура өз күйінде айтып бере де алмаған шығар. Бәрібір өзіне мәлім, қайта ерекше бақыттың кейбір меруерттері тек өзіне - ақ белгілі болып қалсын, деді де: Осындай түс көрдім - дей салды.

─ Шын бақытты екенсің! - деді бір шал.

─ Мұндай бақытты өзіміз көрмей бара жатырмыз, сенің арманың жоқ екен - деді жаңағы шал.

─ Шырақ, не дейсің? - деді Кунтүлім.

─ Сені, сен сияқты жалшы күндерді есінен шығармай көп ойланған өзіміздің де түсімізге кіре ме деген таудай талабымыз бар - деді бір әйел.

─ Ол не дегенің, Кунтүлімге Ленин айтпақшы бәріміз соны орындап, күнде араласып жүрміз. Мен партияның мүшесімін. Партия - Лениннің партиясы - деді Жақсыбай.

─ Шырақ - деді Кунтүлім - мен партиямен астық жоспарын орындаумен сөйлесем, сен немен сөйлесесің? – деді.

─ Мен ерлерді көрсетумен, көркем шығармамен сөйлесемін - дедім.

Осыдан Кунтүлім бақытына шын түсіндім.

─ Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, бақыт дегенімнің өзі біздің өмір екен! - деді.

qalamger.kz




Көрілген: 14433    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 19:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 13:46
    Нұрғали Ораз: Жеңіліс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30