Алаш прозасы

Талғат КЕҢЕСБАЕВ: ШЫҢ

  • Талғат КЕҢЕСБАЕВ: ШЫҢ

    Талғат КЕҢЕСБАЕВ: ШЫҢ

Асыл қарияның немересі Арман жастайынан арманшыл еді. Жабырдың қолтық-қолтығын, жота-жотасын атасымен бірге аралайтын. Кейіннен жүз жасқа келген Асыл ақсақал қайтыс болған күні бар өмір тоқтап қалғандай, тіпті, балалығымен де сол күні қоштасқанын білді. Ата-анасы араға бір жыл салды ма, салмады ма, үлкен қалаға интернатқа оқуға апарған. Содан Арман арман қуып баспаған жері, бармаған тауы жоқ. Жоғарғы оқу орнын өте жақсы бітірді. Әскерге де барып келді. Үйленді, үй болды. Дос-жаранның қадірлісі, тіпті, енесінің сүйікті күйеу баласы болып үлгерді. Енесі болса, «біздің қыздың бағы бар, әлі алатын биігі алда күйеу баламның. Қызыма айтып отырам, «нервісіне тиме бұның, азамат түзде жүргенмен, үйден жылу іздейді» деп. Шынында Арман бақытты...
Арман дөкей қызметкер. Төтенше жағдайлар қызметінің бір бөлімін басқарады. Әдеттегі жұмыс кестесі бойынша Алатаудың жықпыл-жықпылын, қыртыс-қыртысын бір тексеріп шығу үшін вертолетке отырған. Ондағы ойы күн күрт жылып, Мәншүк Мәметова көлі лықсып, төмен қарай ағылатын болса алып қалаға қауіп-қатер төнеді деген де сөз болған еді. Тіпті, журналист қауымы қайта-қайта жазып, теледидардан көрсетіп, жер тепкілей бастаған соң атқа қонған, атқа қонған емес, анығы вертолетке мінген. Барды. Көрді. Вертолетпен әрі ұшып, бері ұшып, жағдайды мамандармен ақылдасқаннан кейін ешқандай қауіп жоқ екенін аңғарды. Әрине, қағаздың аты қағаз. Табиғаттың аты табиғат. Алатаудың аңғарында жүріп көңілінің алабұртпасы бар ма. Неге екені белгісіз, бір мазасыздық, көңілінде алаңдаушылық бар еді. Әлде бір жоғын іздейтін сияқты. Жанында отырған генералға бұрылып:
– Мұрат Амантайұлы, баяғыда атам марқұм анау етектегі Талғарда қой жайып жүргенде «ата мені, анау ақбас тауға апаршы» дейтінмін. Сонда атам, «балам-ау, таудың биігі жақсы ғой. Бірақ сол биікке шықпай-ақ қойшы. Жер басып, ата-бабаңа құран оқып, дос-жараныңмен, туған-туысыңмен сыйласып, дәм берісіп, дәм алысып жүрсең болмай ма. Биікті сыртынан ғана қызықтау керек» деген еді.
– Ия, бауырым. Тау да жақсы, шың да жақсы. Бірақ жер басып жүрген, елде тыныштық болғаны одан да жақсы ғой...

– Жолдас командир, сол анау аппақ шыңның басына қонайықшы.
– Жарайды, бауырым, көңілің қалмасын, – деді Мұрат Амантайұлы.
– Қанат Дарханович!
– Тыңдап тұрмын сізді, жолдас генерал!
– Анау оң жақтағы биік ақ шыңды көріп тұрсың ба?
– Ия, көріп тұрмын.
– Сол шыңға қона аламыз ба?
– Сәл қауіптірек жолдас генерал.
– Соның дәл басына қонуымыз керек. Ақботаға ғашықтығыңды дәлелдеп, бір ерлік көрсет енді, жолдас ұшқыш.
– Сіз де ұмытпайсыз ғой, жолдас генерал. Досыңызға – менің папама айтып тезірек құдалыққа Таразға жібересіз бе? – Ұшқыш қарқылдап күлді.
– Уәде – уәде! Генералдар ешқашан алдамайды. Тек абайла.
– Біз МЧС қызметкеріміз жолдас генерал, қауіп пен қатердің ортасында жүріп үйренгенбіз. Бізді тек махаббат қана жеңеді.
– Әй, иттің ғана баласы-ай. – Генерал жанында отырған ұшқыш жас жігітке мейірлене қарады.
Қалағын шыр көбелек айналдырған вертолет шыңның басына барып қонды. Мотор үні өшті. Ақ түтек басылды. Жым-жырт. Шың басы осыншама суық болар ма?!
Арманның жүрегі толқып кетті. «Жолдас генерал, рахмет сізге» деді іштей. Дауысын шығаруға да күші жетпеді. «Атам жарықтықтың мазасын алып, осы жерге апар деп әбден әуреге түсіруші едім. Міне, енді жеттім».
...Арман оңаша кетіп, қарды кешіп, біраз жүрді. Бұл жердегі қарға ұқсамайды екен. Бір кез көзі жыбыр-жыбыр еткен әппақ қар құрттарына түсті. Екі-үшеуін алып, қолына ұстап көріп еді, жас баланың саусағындай кәдімгі аппақ құрттар. «Ойпыр-ай, шыңның басын іздеп келгенімде осыншама құрт көремін деп ойладым ба?!»...
...Асфальт бетіндегі құрттар бұл биікке де жеткені ме?...




Көрілген: 3123    Пікірлер: 3

дүйсенбі, 16.06.2014, 11:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 13:46
    Нұрғали Ораз: Жеңіліс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30