Алаш прозасы

Талғат Кеңесбаев: ТҮН ҚҰСЫНЫҢ МҰҢЛЫ ҮНІ

  • Талғат Кеңесбаев: ТҮН ҚҰСЫНЫҢ МҰҢЛЫ ҮНІ

    Талғат Кеңесбаев: ТҮН ҚҰСЫНЫҢ МҰҢЛЫ ҮНІ

(әңгіме)

...Ақселеулі кең дала толқып жатыр...
Аңызақ кеу-кеулеп таңдайды кептіріп тастаған. Көз алдым қарауытып... Маңайды болжап қарай алар емеспін. Құмырсқадай қыбырлап келе жатырмын. Санам ояу. Әлсізбін, алда үлкен көл бар екенін ішім сезеді...
Қанша жүргенімді білмеймін... Алдымнан қанаттарын қомдап ұшқалы тұрған аққудай бір бейне көрінді... Жақындай түстім. Неткен сұлулық!? Не деген көркемдік!? Не деген... не деген... «Кім екен?» деген ішкі ойымды жүрек сөзім жеңді. «Жеңешем ғой».

– Жеше, Сіз бе?
– ?
Жақындай түстім. Ақ жібек көйлегі желмен сусылдап, иығынан әне-міне төмен сырғитындай. Бар күшімді жинап, ту сыртынан қапсыра құшақтадым... Екеуміз теңселіп барып түзелдік.
– Қайыншогім, сенсің бе? Келеріңді, іздеп табатыныңды біліп едім...
Қоштасуға келдің бе?
– Жеше, қайдағы... Менің Сізбен ешқашан да қоштасқым келмейді... Сізді, сізді сүйемін...
– Білемін, жаным... білемін, жаным, қайтейін енді, саған ұл тауып беретін бір қыз керек... мен енді сені алдап жүргендей қиналамын... Енді бір бала түгілі, екі-үшеуін тауып беріп, оң тізеңе отырғызатын уақытым болды ғой... Өзімді де, сені де алдамайын, жаным...
– Алдағаны несі, жеше, кімді алдаппын?..
– Өзіңді алдап жүрсің... қайным, есіңді жи, саған ұл тауып беретін қатын керек. Мен кіммін суалған бір гүлмін, сыртым бүтін, ішім түтін... Ағаңның көзіне шөп салмадым, тек үш жыл өткесін Ерейментауда сенімен... Мен... Мен темір емеспін ғой, қайным, мен де ет пен сүйектен жаратылғанмын... Сен менен Камасутраның әйелі жасамақсың ба?
–Не, не дедің, жеше?
– Әй, кетші әрі, – деп жеңгем кеудемнен итеріп қалғанда, шалқамнан түспесім бар ма.
– Ой, қайыншогім, бір жерің ауырып қалған жоқ па?
Жешем жаныма жақындай түсті. Жусан иісі аңқымасы бар ма? Кеберсіген ерніме бір тамшы көз жасы тамды. Неткен ащы еді...
– Жеше, жаным, Сізді сүйемін...
– Білемін, қайным, жүрегің жаралы екенін де білемін. Айналайын, қайыншогім, бір-бірімізге алданбайықшы. Сені сүйемін. Аяшы мені, қайным... Сенің бағыңды байлағым келмейді. Жасың, міне, елуден асты, әлі ұлың жоқ. Қазақтың саған ұл тауып беретін бір қызы бар шығар, есіңді жи, қайыншогім...
– Жо-жоқ, атамаңыз жеңгей, Сізбен қоштасқым келмейді...
– Өзі біреуді тауып, ұл тапқызшы... Білдіртпей үйіңе бала күтуші, үй жинаушы болып кіремін. Жаныңда боламын, қайным, тек уақыт өтіп бара жатыр ғой, тек сендей жазушыдан ұл қалса деймін...
– Жеше, қимаймын Сізді...
– Мен де, жаным, өле-өлгенше сені сүйемін, қайыншогім... Тек сен сұлуды тауып, ұл тапқызсаң болды. Жүрегім сонда ғана тыныш табар...
– Менің кітаптарым бір-бір ұл емес пе?
– Иә, сен классик жазушысың, таласым жоқ... Тек сырт көзге өзіңді елеусіз ұстайсың...
– ?
– Такеша, сен ешкімнен кем емессің, жаным... Тоятыңды бір қайтарайын...
– Жаным, жеше...
Бота көзінен, алмадай тәтті мойнынан сүйе бастадым.
– Аһ! – деді жешем. – Қайыншогім, сол...
– Жеше, жаным, сүйемін сені...
– Мен деее, ойбай, ақырееен...
Жешемнің оттай ыстық құшағында қорғасындай балқып жүре бердім...
– Такеша, ақырын... ақыырееен, – деп, иығымнан қарш еткізіп тістеп алды. Көзімнен от жарқ ете түсті.
– Тоқтай алмаймын, жеше, сааағыындыым...
– Дурак сол... алтыным... ақырын-ақырын дедім ғой...
Дауысы тым-тым алыстан үздігіп, үзіліп-үзіліп жететіндей.
Қанша уақыт өткені белгісіз... Жеңгем орнынан әлсіз тұрып, киіне бастады. Неткен мүсін!.. Қап-қара шашы иығына төгіліп, ай маңдайы жарқырап, аққу мойыны ұзарып, кеудесіндегі қол батпайтын қос алмасының ұшы үшкірленіп, белі әне-міне үзіліп кетердей, бөксе жағы дөңгеленіп, түп-түзу аяқтары қандай... қыбыр-қыбыр еткен башпайларын айтсаңшы, тура бар ғой, жеп қойғың келеді... жеп қойғың...
– Такеша, тұр орныңнан көлге барып шомылайық.
– ?
– Қайыншөгім, сенің тоятың қайтты-ау деймін... Алғашқы кездегіндей болмай бара жатырсың. Енді мені қойып бір ақылды әйелді алып, ұл тапқыз. Семей мен Астананың арасында ұшақпен әрлі-берлі ұшып жүре беру не мода... Жасың болса келе жатыр, сендей жазушының ұлы болуы керек. Ақылға кел... Бір қатынға ұл тапқызасың, сенің ойнасың болуға мен қашанда әзірмін, қайыншөгім... Оны өзің білесің... Ол алған қатыныңды киіндіруге ақшаны мен-ақ берейін... Құрсағымның кеуіп қалғанын көрмейсің бе, әуелі сенен бір ұл тапқым келгенін несіне жасырайын, қайыншөгім-ау...
– ?
Жеңгем иығы селкілдеп жылап, менен алыстап барады.
Алыстап...
...Көзімді ашсам, Семейдегі саяжайымның екінші қабатында жатырмын. «Вискидің» бос бөтелкесі еденде жатыр. Балкон ашық қалған... Салқын ауа соғып тұр... Есіме кеше Алматыдағы оқиғалар еміс-еміс орала бастағандай. Қапшағай-казино... Сауна, қыздар, бассейн... Әуежай...
Орнымнан зорға тұрып, пиджагымды иығыма іліп, балконға шықтым. Түнде жаңбыр жауып өтіпті. Терең демалдым. Неткен ауа, Семейімнің ауасы!.. Шіркін...
Қайран, жеңгем-ай... жап-жассың ғой, менен бес жас кішісің. Ерейментау. Қызыл қайың сайында... «Интерконтиненталь» қонақ үйі...
Бірге өткізген қимас күндер, түндер...
Соңғы уақытта менен неге алыстап жүрсің?
Неге салқынсың?
...Ертіске қарадым. Үн-түнсіз ағып жатыр... Ех, Примодонна!.. Жеңгем... жешем...
P.S. ...Түн жарымда Ертістің жағасында келдім... Баяғы таныс көрініс... Тек жеңгем жоқ жанымда. Алыстан тым-тым алыстан түн құсының мұңлы үні талып-талып естіледі.
Жүрегім шаншыды.

10.06.2015.
Семей. 




Көрілген: 3178    Пікірлер: 1

жұма, 04.09.2015, 15:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 13:46
    Нұрғали Ораз: Жеңіліс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30