Адамдар неге айқайлайды?

Адамдар неге айқайлайды?

Адам өмірінде қарыма-қатынастың ойнайтын рөлі өте ерекше. Бала кезді кішкене еске түсіріп қарасам, ата-әжем, ата-анам да көп айтатын, жақсы сөз айт, жақсы сөз сөйле, ұрыспа адамдармен деп. Яғни, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметтің арқасы болуы керек. Осы қағиданы санамызға сіңірмекші болған шығар. Кіші кезімізден әйтеуір әдептілік қағидалары деп адамдармен қарым-қатынас тақырыбында біршама нәрсе білеміз. Ұрысуға, ренжісуге болмайды, кешірімді, мейірімді болу керек деген сияқты. Алайда, өмірде кейде сондай бір жағдайлар келгенде, өзіміз білетін сол білімді орынды қолдана аламыз ба? Басқасын білмеймін, өзім өмірде тыныш таппайтын, сабырсыз, ренжіп қалатын, мейірімділікті кейде не екенін де білмейтін адамдарды кездестіріп жатамын. Өзімде де сонай қылықтар жоқ деп айта алмаймын. Сонда, бала кезден біліп келген біліміміз жай теория қалпында қалып қойғаны ма? Отбасының қарым-қатынасын бағалау керек дейміз. Бірақ, шындығында біз бағалаймыз ба? Сол туралы кішкене ғибратты бір әңгімеден сусындатып жіберейін.
Бір күні мұғалім оқушыларына ерекше бір сұрақ қойыпты. Мұндай күрделі сұрақты олар ешқашан күтпеген еді. Мұғалім:
— Неге осы адамдар ұрысқанда бір-біріне айқайлайды?
Оқушылар сабырсыздана әрқайсысы өз білгендерін айта бастады:
— Ашуланғандықтан!
— Келіспеушіліктен!
— Сабыр сақтай алмағандықтан ба?
Мұғалім:
— Айқайлаудың не керегі бар, егер сөйлесіп тұрған жан сенің қасыңда тұрса? Жай сөйлесуге болмай ма? Оның үстіне сен ренжулі болсаң, неге айқайлайсың?

Балалар қайта беріліп жауаптар ұсына бастады. Бірақ, ешқандай жауап мұғалімнің көңілінен шықпады. Ақырында болмаған соң, мұғалім оларға түсіндіріп берді:

— Адамдардың бір-біріне көңілі толмай, ұрысқан заматта олардың жүректері бір-бірінен алыстайды. Арақашықтықты меңгеру үшін, адамдар дауыс көтеріп сөйлеуге мәжбүр болып қалады. Қаншалықты реніш туса, соншалықты қаттырақ айқайлайсың. Ал адамдар ғашық болған кезде ше? Ғашық болған кезде не болады? Олар бір-біріне айқайламайды. Өйткені олардың жүректері соншалықты жақын болғандықтан, бір-біріне жәй сөйлейді. Адамдар бір-бірін құлай сүйгенде не болады?Құлай сүйген адамдарды көргенсіңдер ме? Олармен бір-бірімен сыбырласып сөйлейді. Жүректерінің жақындығы соншалық, сыбырдың өзі оларға жеткілікті. Жүректері бір-бірін тапқанда, олар сыбырды да қажетсінбейді. Тек, көзбен қарап бір-бірін түсіне береді. Шын сүйгендер болғанда ғана, мұндай уақиға орын ала алады. Сондықтан, балалар, ұрысып, ренжісіп қалған уақыттарыңда араларыңды алшақтататын сөздер, қимылдар жасамаңдар. Мүмкіндігінше түсіністік танытып, кешіре біліңдер. Себебі, алыстай берген сайын, арақашықтық арта береді. Сондай бір күн туып, арақашықтық километрлерді асып кеткенде, қайтар жолды таба алмай қаласыңдар. Мына дүниеле қарыма-қатынас құру қиын. Бірақ, сол қатынасты сен құрмасаң, кім құрады сен үшін?
blogtime.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста