Психология

Әже махаббаты

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Мен сіздерге шынымен болған бір оқиғаны айтып берейін. Бұл әңгіменің кейіпкері қазір ортамызда жүргендіктен оның атын өзгертіп өзіміздің білетін «Менің атым Қожаның» Қожа есімімен атай салайық.

Біздің бұл Қожа өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларға байланысты бала кезінде әжесі екеуі ғана бір үйде тұрған екен. Қожа әжесін өте жақсы көрген, ал Әжесі де Қожа үшін жанын беруге әзір. Бірақ Қожаның қолының сұғанақтығы бар еді. Ол мүмкіндік шықса болды, бірге ойнайтын балалардың, немесе көршілердің затына суық қолын сұғып, үйге қай-қайдағы бірдемелерді тасып жүріпті. Әжесі Қожаның бұл қылығын қойдыру үшін талай мәрте ұрысса да, ақылын айтса да Қожа ұрлық жасауын қоймапты. Әжесі бір күні: «Қожа сен ұрлық жасаған сайын ұрыстым, ұрдым, ақылымды айттым. Бірақ айтқанымның бәрі бір құлағыңнан кіріп, келесі құлағыңнан шығып кетеді. Егер осыдан былай үйге рұқсатсыз басқа адамдардың бірдемелерін әкелер болсаң мен мына тоқыма бізін отқа қыздырып қолыңды қаритын боламын» деп ескертіпті. Осы сөзден кейін Қожа біршама уақыт ұрлық жасамай жүріпті. Өйткені Әжесінің айтқан сөзі ұмытылма қоймаған еді. Бірақ ол әңгімені ұмытқан Қожа бір күні тағы да ұрлық жасайды. Оның қалталарын толтырып әкелген ұрлық заттарын Әжесі алғашында көрмеген сыңай танытса да, біраздан кейін шыдамай «Қожа бері кел,қалтаңдағы заттарды шығар!» деді. Оның қалтасынан пышақ, қарындаш, өшіргіш, кішкентай доп, тиын-тебендер т.б. өзіне ешбір қажеті жоқ ұсақ-түйек заттар шығыпты.

Әжесі «Бұл заттарды қайдан алдың?» деп сұрағанда ол үндемеді. Әжесі: «Сен тағы да ұрлық істеген екенсің ғой.Маған берген сөзіңді ұмыттың ба?» деп тоқыма бізін алып келіп отқа қыздыра бастапты. Біз отқа әбден қызарған кезде Әжесі Қожаны жанына шақырып «Қәне, қолыңды шығар» депті. Қожа да өзінікі қате екендігін білгендіктен қайтерін білмей сасқалақтапты. Бірақ Әжесі кенеттен: «Мен сенің ұры болуыңды тілемеймін. Сені жазалауға тиіспін. Бірақ мен сені өте жақсы көретіндіктен сені жазаламай өзімді жазалағанды жөн көрдім» деп Қожаның қолын емес өз қолын ыстық темірмен күйгізе бастапты. Шошып кеткен Қожа бақырып жылап жіберсе керек. Ал Әжесінің қолы ыстық темірге қарылып, терісі қолдырап түсіп, білегінің еті күйіп қалған екен. Әжесі: «Қожа балам, көрдің бе, осыны ұмытпа. Сенің ұрлық жасағаның маған қаншалықты ауыр тиетінін біл. Егер ұрлық істей берсең мен сен үшін елден ұялғандықтан осылай өзімді отқа қарып, өртеніп өлемін. Бұл сенің ұрлық жасағаның үшінгі менің төлейтін төлемім болады» депті.

Осыдан кейін Қожа ұрлық істеуді мүлде қойыпты және әжесі есіне түскен сайын осы күнге дейін өкініштен өзегі өртенеді екен.

Амантай Тойшыбайұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды.




 




Көрілген: 1783    Пікірлер: 0

жұма, 27.02.2015, 18:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31