Балаңыз үшін өмір сүрмеңіз!

Балаңыз үшін өмір сүрмеңіз!

Ата-аналар көбінде бала тәрбиесіне келгенде тығырыққа тіреледі. Тіптен, өздерін ұмытып, балалары үшін өмір сүріп кетеді. Яғни, балалары үшін өзін құрбан етеді.

Шектен тыс берілген махаббат ақыры тығырыққа тіресе ше?

Ресейлік психолог Ольга Валяева осы сынды отбасылық мәселелер төңірегінде көптеген зерттеулер жүргізеді әрі оқырманға кеңінен танымал авторға айналған. Сондай-ақ оның бірнеше кітабы жарық көрген.

«Qadam.asia» бүгін Ольга Валяеваның «Ана болу &ndash тағдырың» («Предназначение быть мамой») атты кітабының бір тарауын оқырманға ұсынады.

Ең әуелі сұрайтыным, балаңыз үшін өмір сүрмеңіз! Оларға бұл қажет емес, қайта зиянды болуы мүмкін&hellip Ойрандалған қаншама тағдырлар, жараланған жүректер, реніштер мен түсінбеушіліктер осыдан туындайды. Мен балалары үшін өмірдегі барлық нәрселерден бас тартатын әйелдерді ұшыраттым. Содан кейін бәрінен бас тартқан балаларды кезіктірдім. Қайғылы көрініс&hellip

Анасы Ваняны жалғыз өсірді. Өмір бойы тұрмысқа шықпады, бар тапқанын ұлының болашағына салды: үй алып берді, университетті ақылы бөлімде оқытты. Тиісінше, баласы салиқалы адам болып өсті, жұмысы да табысты еді. Өкініштісі, сол бала қазір елуге келген. Осы уақытқа дейін отбасын да құрмады, балалары да жоқ. Өмір бойы анасының алдындағы парызын өтеуге тырысып бақты. Бірақ, бұл әрекетінен ештеңе шықпады.

Ксюшаның әкесі балалары үшін күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеді. Ол әсіресе қызының болашағынан көп үміт күтіп, үлкен жоспарлар құратын. Өйткені, Ксюша бала кезінен өте қабілетті болды. Әкесі қызым дәрігер болса деп армандайтын. Университетке түсіру үшін ақша жинады. Ал қызы бұдан бас тартты. Оның да өз қалауы бар еді &ndash суретші болғысы келетін. Содан әкесі Ксюшаны ойландыру үшін алдына есепшот әкелді. Есепшотта ақылы мектеп, үйірмелер, киім, тамақ &ndash осы уақытқа дейінгі барлық шығын көрсетілген еді. Әкесі «мені тыңдамайтын болсаң осы ақшаны қайтар» деп талап қойды. Ксюшаның бұдан кейін әкесінен кетіп қалғаны айтпаса да түсінікті болар. Содан бері отыз жылдан астам уақыт өтіпті, Ксюша үйіне оралмады.


Ира үшін анасы жеке өмірінен бас тартты. Ажырасқаннан кейін қызының жанын жаралап алудан қорқып, көңіл жарастырғысы келген азаматтармен кездесуге де бармады. Міне, қызы өсіп бойжетті, бірақ анасының жанынан кете алмайды. Кездесуге шақырған жігіттермен қыдыруға шықпайды. Ол тіпті анасын тастап, өз өмірін сүру туралы ойлаудан ұялады. Қазір Ира қырық жаста. Ешқашан тұрмысқа шықпады. Балалары да жоқ.

Игорь мен Женяның ата-аналары өте салиқалы адамдар еді. Олар балалары үшін бәрін жасады, тіпті қолдарынан келмейтін болса да солардың дегенін орындауға тырысты. Отбасында береке мықтап орныққан: отбасылық мерекелер, демалыстар уақтылы ұйымдастырылатын. Тек өздерін ата-аналық міндеттеріне арнаған олардың некелеріне қылау түскен еді. Оларды балаларынан басқа ештеңе байланыстырмайтын. Олар үлгілі әке мен үлгілі ана ретінде отыз жыл бірге өмір сүрді. Балалары есейіп өз алдына бөлек шыққаннан кейін, олар бірден ажырасып кетті. Женя әлі күнге дейін ата-анасының осы өтірігіне құлазып, өзіне келе алмайды. Жасы отыз жетіде болса да, тұрмысқа шыққысы келмейді. Әке-шешесінің аянышты тағдырын қайталаудан қорқады. Өйткені, ажырасқаннан кейін анасы бірден шөгіп кеткен болатын.


Гоша анасының қартая бастағанда тапқан баласы. Анасы оған әрдайым қорған болды, тіпті тым көп қамқорлық жасады. Шыны керек, анасы «ханзаданы» күте-күте үмітін үзіп, өзі үшін бала туып алуға шешім қабылдаған еді. Георгий арқылы барлық армандарым орындалады деп сенді. Ол баласынан вундеркинд жасауға тырысты. Сөйтіп, Гоша бірнеше тілді қатар оқыды, көптеген үйірмелерге барды, арфада ойнады&hellip Анасы мұны мақтан тұтты және келген қонақтар үшін үнемі бірдеңе ойнауын сұрайтын. Арфа деген экзотикалық дүние ғой! Гоша қазір қырықта. Әйелімен ажырасқан. Оның балаларын басқа еркек тәрбиелейді. Гоша бұған қарсы да емес. Шындығында жасық болып өскен ол әлі күнге дейін өзінің не қалайтынын білмейді. Ол вундеркинд бола алмады. Ақыры шыдай алмай сынып кетті. Қазір ол тек қана ішеді. Таңертең тұра сап, жұмыста жүргенде, жұмыстан кейін де тек ішеді. О дүниелік боп кеткен анасының мұны көрмейтіні өкінішті.

Өмірде мұндай оқиғалар аз ба? Бала өмірдің мағынасына айналған кезде, бұл ол үшін өте қиын соққы болуы мүмкін. Ондайда бала өзін бір күні ауасы таусылып қалатын бөлмеге кіріп кеткендей сезінеді. Бастапқыда бұлай өмір сүруге болады, бірақ біртіндеп сіз оны тұншықтыра бастайсыз. Ақыр-аяғы балаңызды махаббат пен қамқорлыққа тұншықтырып тынасыз.

Жиырма жасқа дейін немесе қанша жасқа дейін болса да, осындай қапырық шөл далада өмір сүреді екенсіз &ndash сіз соншалық қарыздар адамға айналасыз. Сізге есепшот әкелді, бірақ  ішкі ойыңызда қонаққа келген адам сияқтысыз. Отбасындағы үлкендерге ешкім айтпай-ақ өз бастамаңызбен қуана-қуана көмектесер едіңіз. Бірақ жиырма жылдық өміріңіз үшін есепшот әкеліп, төлеуді сұрағанда &ndash санаңыздағы бар естелік жұтқан деміңізде өртеніп бара жатқанын сезінесіз&hellip


Мұндайда шешімнің бірнеше нұсқасы бар. Балаңыз бұл есепшотты өмір бойы төлеуі мүмкін. Мысалы, жазбамыздың басындағы Ира немесе Ваня сияқты. Немесе наразылық білдіріп ішімдікке салынуы яки барлық байланысын түбегейлі үзуі мүмкін. Мәселен, Гоша мен Ксюша сияқты&hellip Ата-ананың мұндай қарым-қатынасын түсініп, қабылдай алатын адам сирек. Түсініп, қабылдай отырып, өз өмірін, таңдауын құрбан етпей өмір сүріп кететін адам шынында аз.

Сондықтан өтініп сұраймын, балаңыз үшін өмір сүрмеңіз! Өзіңіз үшін өмірдің басқа мағынасын табыңыз, ана мен әке болу деген &ndash өзіңді құрбан ету емес екенін түсініңіз.

Дүниеге келген кішкентай ұл-қыздарыңыз сіздің қайырымдылығыңыз бен қамқорлығыңыздың құрбаны болмауы үшін солай істеңіз.

Балаларыңыз қанағатты біліп өссін. Құдай қанша береді және не береді &ndash оларға сол жеткілікті. Кейбірінің миллиондаған қабілеттері өздігінен қалыптасады. Бастысы, баланың өзі мұны қалауы керек. Ал біреулерінің қабілеттері байқалмауы мүмкін. Демек, оны түртпектеудің қажеті жоқ.

Күйеуіңізге көңіл бөліңіз. Балалар өскесін өз жолымен кетеді, ал күйеуіңіз сізбен бірге қалады. Күйеуіңізбен қарым-қатынасыңыз арқылы олардың отбасы болуға, балалы болуға деген құштарлығын оятуыңыз керек. Егер сіз күйеуіңізге көңіл бөлмей, балаларыңыздың проблемаларына араласа беретін болсаңыз, олардың отбасы құру туралы ойын өшіріп тынасыз.

Өзіңізді жақсы көріңіз. «Балам-балам» деп жүріп өзіңіз туралы ұмытып кетпеңіз. Балаңызға жаңа робот әперу үшін алғыңыз келген көйлектен бас тартпаңыз. Косметологыңызды репетиторға алмастырмаңыз. Егер өзіңізге қамқорлық жасай алмасаңыз, онда басқаларға не бере аласыз? Қандай үлгі боласыз? Қандай махаббат бересіз?

Өмірдің мәнін материалдық құндылықтардан іздемеңіз. Қазір бұл туралы ойланғыңыз келмесе де, өмір бір күні түгесіледі. Рухани тәжірибені молайту, дін, дұғалар, қасиетті жазбаларды оқу&hellip Осының бәрін балалардан «тартып» алмай-ақ, рухани ізденіс арқылы жаныңызды нәрлендіре ала аласыз.

Тағы да өтініп сұраймын, балалар үшін өмір сүрмеңіз. Осындай адамдармен кездескенде, олардың көзіне қарау өте ауыр. Ондайда мен өзімді және ішкі қайшылықтарымды тереңірек тани түсемін. Мен оларға қарап азапты, жаралы жүректерді, жаны бос қалған кеуделерді көремін. Олардың көздерінде көмек сұраған жанайқай бар: қайғы, үмітсіздік, кінә&hellip Олар да барлық балалар сияқты ата-аналарын жақсы көргісі келеді. Бірақ ондай жағдайда өз қалауларынша  өмір сүре алмайтынын біледі&hellip

Балаларыңызға өмір сүруге және еркін тыныстауға мүмкіндік беріңіз. Сонда олар өседі, дами алады. Тағдырына жазылған өмірге икемделеді.

Біздің ата-ана ретіндегі рөліміз қарапайым ғана &ndash оны уақытында суарып отыру, күн сәулесін жауып тастамау, зиянкестерден қорғау.

Сонда ғана бала гүл сияқты өздігінен бүр ашады және өзіне құйылған барлық жақсылықтарды алдыңызға келтіреді.

«Qadam.asia»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста