Психология

Бет қимылы (мимикасы)

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Адамдар сезінетін сезім арқылы адамның бет-әлпеті бойды қандай сезімдер билейтіні жайлы анық көрсете алады.Бет бұлшық етін басқару оңай болғандықтан, көпшілік қауым оны жиі жасырып, жақсы еліктеп көрсеткісі келеді.

Адам шынайылығы жайлы бетте көрінетін сезімнің симметриясынын білуге болады. Егер оң және сол жағының қимылы бөлінетін болса, адам шынайылық танытып жатқан жоқ.

Тіпті, оңай ажыратылатын қимыл қысқа уақыттың ішінде білінбей қалуы мүмкін; оны іліп әкету үшін тәжірибе және арнайы жаттығу қажет.

Жағымсыз эмоцияға (қайғы, ұят, жиіркену...) қарағанда, ұнамды эмоция (қуаныш, рахат...) тез байқалады.

Ерекше сезім бейнелілігімен ерін ерекшеленеді, оларды оқу оңай (мысалға, ауыздың күшейген қимылы немесе ерінді тістеу, мазасыздықты білдірсе, ал ерінді бір жаққа қисайту – скепсис немесе келемежді білдіреді.

Беттің жымиюы достық қалыпты немесе мақұлдауды қажет етеді. Ерлер үшін жымию деген – әр жағдайда өзіне-өзі жауап беретінін көрсететін жақсы мүмкіндік. Әйелдердің жымиюы шынайырақ және шын мәнісіндегі көңіл-күйіне сәйкес келеді.


Жымию әртүрлі себептерге байланысты болғандықтан, оның стандарты түсіндірмесіне сене алмайсыз:

• — Жиі жымию – мақұлдауды қажет етеді;

• — Әдемі күлімсіреу – бақылаудағы күйгелектіктің белгісі;

• — Қасты көтеру кезіндегі жымию – бағынуға дайын;

• — Түсіңгі қаспен жымию – үстемдікті көрсету;

• — Астыңғы қабақты көтермей жымию – шынайылық емес;

• — Көздің тұрақты кеңеюі арқылы және оны жаппай жымию – байбалам.


Сезінген сезімдерді бет мына түрде хабарлайды:

• — *қуаныш*: ерін қисайған, олардың бұрышы артқа тартылған, көздің айналасына кішігірім әжім түседі;

• — *қызығушылық*: қас кішкене көтерілген немесе түсіңкі, ал қабақтар кеңейген немесе тартылған;

• — *бақыт*: еріннің сыртқы бұрыштары көтеріңкі және артқа кеткен, көздер жайбарақат;

• — *таңырқау*: көтерілген қастар шекеге әжім түсіреді, көздер ұлғайған, ал ашыңқы ауыз дөңгеленген формада;

• — *жиіркену*: қастар түсіңкі, мұрын тыржиған, астыңғы ерін дүрдиген немесе көтеріңкі және жоғарғы ерінмен жұмылған: көз қылиланған сиықты, адам түкірінген сияқты күй.

• — *жек көрушілік*, қас көтеріңкі, бет шығыңқы, бас көтеріңкі, адам төбеден астыға қарап тұрғандай; ол әңгімелесушісінен алыстатылып жатқандай.

• — *үрей*: қас көтеріңкі, бірақ түзу формада, олардың ішкі қуыстары орыннан қозғалғандай және шекені көлденең әжімдер басып өтеді, көз ұлғайған, астыңғы қабаққа күш салынғандай, ал үстіңігілері сәл көтеріңкі, ауыз ашық болуы мүмкін, ал оның қуыстары артқа тартылады.

• — *ашу*: шекенің бұлшық еттері артқа және астыға қозғалып, қатерлі және қабағы түйілген бет әлпетті, танау кеңейген, ерін не тығыз қымқырылған, не артқа тартылған, бет жиі қызарады;

• — *ұят*: бас төмен түсіп кеткен, беті алдыға қарамайды, көздің назары төменде, қабақ жасырылған, кейде жұмылған. Бет қызарған, тамыр жиі соғады, тыныс алуы шалыс.

• — *қайғы*: қастар құрысқан, сөнік көзқарас, еріннің сыртқы бұрыштары түсіңкі.

Әртүрлі сезім кездегі эмоцияны білу өзгелерді түсіну үшін ғана пайдалы емес, өзіңіздің жұмыс еліктемесін түзеу үшін де керек.



blogtime.kz




Көрілген: 3142    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2015, 14:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30