Психология

БЦП балалардың ойлау қабілетін дамыту

  • БЦП балалардың ойлау қабілетін дамыту

    БЦП балалардың ойлау қабілетін дамыту

Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ дефектолог қызметін атқарушы Закарина Айнұр


Балалардың церебральды параличы – бұл тірек қимыл әрекеті бұзылған балаларды айтамыз.БЦП балалардың ойлау әрекеті, ойлау операцияларының кемістігін, көптеген эксперимент нәтижелері дәлелдеді. Мысалы: М.В Зверева мен А.И Липкина БЦП балалардың заттарды салыстыруда, олардың ұқсастықтарынан гөрі, айырмашылықтарына назар аударатының айтады. Профессор Л.В Занков бұл балалардың заттармен құбылыстарды салыстыруда, кездейсоқ сыртқы белгілеріне сүйеніп, ал незгізгі белгілерін байқамайтығын анықтаған. Көмекші мектептердегі жылдар бойы жинаған мол тәжірибесі, БЦП балалардың нақты болатындығын көрсетеді.БЦП оқушылардың ойлауындағы негізгі кемшілік – қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу үрдісіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді.Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайда мағынасына бойламайды, өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмайды.

БЦП балалардың ойлау қабілетін дұрыс дамыту мәселесі өте күрделі, бірақ шешімі бар мәселе болып табылады. Ол арнайы жасалған олигофренопедагогикалық әдістемелердің көмегімен оқытуда жүзеге асады. Мұндай оқытудағы маңызды нәрсе жан – жақты ойластырған, әдістемелік жағынан сауатты тәсілмен , көрнекіліктен сөздік логикалық қорытындылауға ауысу.

И.М Соловьев, БЦП балалардың ойлау қабілеттерін зерттеуде, стериотиптік үрдістерді анықтайды. Бұл үрдіс балалардың арифметикалық есептерді шешуде әрбір жаңа есептерді, өзі білетін бір ғана жолмен шешуде, тырысатыны көрінеді. Мұндай «жабысқақ » ойлау түрі, логикалық ойлауға кері «секірулер» туғызады, яғни, бірден бірге ауысады. Мұндай инерттіліктен туындайтын, ойлаудағы ретсіздік, көбіне эпилепсиясы бар балалар мен энцефалитпен ауырған балаларда болады.»

Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты “Когнитивтік психология” атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді. Осы БЦП балалардың ойлау ерекшеліктері көбінесе ойын арқылы жүзеге асады делінген. Себебі балалардың тірек-қимыл аппаратарының бұзылуы байланысты оларды дамыту мақсатында ойынның үлесі зор болып табылады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойлау арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.  

       Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау ,есте сақтау мүмкіндіктері орташа дамыған. Дамуында кемістігі бар балаларға, кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойлау арқылы ойын жүзінде ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.

      Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. БЦП балалардың тірек қимыл әрекеттері бұзылғандықтан, ойынның рөлі өте манызды. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шынықтыру түрін көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

Ойын баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.   «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты  таңдап алынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты  шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған  сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.      

  Жұмбақтар

Қызықтырып әркімді-ақ

Суда жүзер жылтылдап.

    “Б”әрпінен басталар,

Сол жәндіктің атын тап.    (...............)

т.б.

Математика сабағындағы ойлау қабілетін  дамыту.

Логикалық есеп


•   Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

•   Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

•   Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

•   Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

    «Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену үйрену үшін, келесі ондыққа

көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе, ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін , қолданған жөн.

 Мысалы:

   Бір дегенім білеу

                        ...

Бастама ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар мәнерлеп

Қуыр, қуыр, қуырмаш

Тауықтарға тары шаш!

Бас бармақ,...

Ойлан, тап

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.

Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу

дағдыларын дамыта түсу.

•   Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу. 

    (14 * 6)*10=10

Математикалық тест

4 + 3 9,10,7            10 - 3           7,8,9              

6 + 3 9, 6, 4             9 - 2            5, 6,7

Логикалық ойын     


  1.Екі  сиырдың мүйізі қанша?

  2.Бір мысықтың  аяғы қанша?

  3.Бес қойдың басы нешеу?

  4.Үш адамның  қолы нешеу?

БЦП балалардың ойлауын дамыту процесі төмендегілерді  қамтиды

1  / Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекілік арқылы, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.

3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.


 Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін.    Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың  сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуыршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру»,  «Көлемі бойынша қой» деген  секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен  кез келген ойын түрлерін  сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі.

     Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі  ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы  зор.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды  тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде   де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Ойлаудың дамыту жолдары. Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды олигофренопсихологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді. Қазіргі олигофренопсихологиясында ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз -  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс. Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психология ойлаудың үш түрі қарастырылады.

1.Практикалық іс-әрекеттілік.

2. Көрнекі-бейнелік

3.Сөздік – логикалық.

Қорытынды:

      Ойымды қорытындылай келе, БЦП баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндеймін.




Көрілген: 9012    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2015, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30