Психология

Жапон халқының бала тәрбиесінде ұстанатын дәстүрі

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Әр халық баласын өзінше тәрбиелейді. Біздің елде әр баланың ата-анасы оған үлгі болуға тырысады, көбіміз әкенің қабағынан ығып өстік. Орыстар, америкалықтар баламен өз досындай тең дәрежеде сөйлесетінін байқаймыз.


Жапондардың бала тәрбиесінде ұстанатын дәстүрінің мыңдаған жылға жалғасқан тарихы бар. Көбіне кинолардан жапон балаларының айрықша ізеттілігін, мәдениеттілігін көріп жатамыз, бала мен ата-ананың арасында жылы түсіністік бар екенін ұғынамыз. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осынау өзара түсіністік қайдан пайда болды? Біз ерекше елдің баланы қалай тәрбиелейтініне үңіліп көрдік.

Ертеде жапон әйелдері көп жұмыс істеген. Сондықтан бала тәрбиесіне уақыт тапшы болып, олар бала бағу мен өз жұмысын бір уақытта қатар атқарған. Балаларын арқаларына не кеуделеріне матамен байлап алып, егістікте жұмыс істеген, басқа да үй тірліктерімен айналысқан. Жұмыс барысында әлі тілі шықпаған баласына өзінің істеп жатқан жұмысын айтып, баламен сөйлесіп жүрген. Бұл баланың зерек боп өсуіне үлкен әсерін тигізген. Сондықтан көбіне жапон балалары алдымен сөз үйреніп, сосын барып жүре бастаған.

Кішкентай баланы арқаға таңып алып, өзімен бірге алып жүру бүгінге дейін жеткен дәстүр іспетті. Жапония дүкендерінде баланы бірге алып жүруге ыңғайлы киімдер толып тұр. Оның үлкен қалтасы, арнайы орамасы бар. Бұл елде тек әйелдер емес, еркектер де бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың бауырлары да бөбекке үлкен жанашырлықпен қамқорлық танытады. Бұл тұрғыда жапондар мен қазақтардың ұқсастығын байқаймыз. Жапондар балаларын "мәдениетті бол, ешкімге кедергі келтірме, тыныш жүр, бәрімен бірдей қарапайым бол" деп өсіреді. Сондай-ақ олар сезімін сөзбен емес, дауыс ырғағымен жеткізеді. Егер бір нәрсеге көңілі толмаса, оны көзқарасы мен дауыс ырғағы арқылы білдіреді. Сондықтан ата-анасының өзіне ренжігенін байқаған бала тез сабасына түсіп, жіберген қателігі үшін кешірім сұрауға асығады.

massaget.kz


 




Көрілген: 2982    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2015, 18:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30