Психология

Жеткіншекке жадынама

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң, сен сол қиын жағдайдан, өзің қиналмай шығасың.



1- кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2- кеңес. Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта. Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан, тағы да қай жерден, қандай қауіп болуы мүмкін.

3- кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласың, соны ойла.

4- кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5- кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды. .

6- кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7- кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап салады.

8- кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашан қорықпа. Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашан көмек көрсетіледі.

bilimdiler.kz

 




Көрілген: 1769    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.01.2015, 10:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30