Психология

Қарапайым күнді ерекше күнге айналдырудың 15 тәсілі

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Біздің көпшілігіміз күнді ерекше ету үшін туған күн, жаңа қызметке дайындалу күні, сауық кештерін асыға күтеміз. Ол жақсы, дегенмен, мерекелік іс-шараларды күтіп жүріп, адамдар қарапайым күндердің қызығы мен керемет сәттерін жіберіп алу мүмкін.


Егер біз азғана күш салсақ, әрбір күнді ерекше етіп өткізудің жолдары бар. Олар мыналар:


1.Тоқта да, айналаңа көз салып қара. Бұнда сен әрбір күн назар аудармастан өтіп кететін нәрселер бар, мысалы, көше бұрышындағы тас мүсіндер немесе ескі ғимарат қабырғасындағы суреттер. Бүгінгі күн байқау күні болсын.


2.Балалар сияқты бірнәрсе жаса. Саусағыңды боя, балаларға арналған жартасқа өрмеле, өзіңе ұнайтын нәрсемен айналыс, балалардың сүйікті кітабын оқы, өзіңнің ішкі дүниеңе ерік бер.


3.Медитация жаса немесе бір сәтке ойлауды тоқтат. Біздің қарқынды дамып жатқан әлемде біз ойлануды тоқтатып, ойымызды саралауға үйренуіміз керек.


4.Біреудің күні жақсы болуына үлесіңді қос. Сен білетін кішкентай балаға тосын сый жаса. Үйсіз немесе жағдайы жоқ адамға жейтін тамақ алып бер. Біреуге өте жағымды қошемет сөз айт.


5.Алғыс айтуға уақыт бөл. Өмірдегі бар жақсылық үшін алғыс айту үшін 10 минут уақыт бөлу — рухыңды күшейтеді.


6.Жан досыңа қоңырау шалып, уақытты бірге өткіз. Жақын досыңмен бірге уақыт өткіземін деген ойдың өзі көңіл-күйіңді көтереді.


7.Біреуді кешір. Ренішті ішіңде сақтап жүру — ауыр жүк көтергендей эмоциға жағымсыз әсер береді.


8.Өзіңе сүйсініп қара. Көптеген адамдар өз келбетіне келгенде, өте қатал. Өзіңе қара да, жақсы қасиеттеріңді бағала.


9.Алыста тұратын досыңа немесе жанұя мүшесіне хабарлас. Күтпеген жерден қоңырау шалып, «мен сені ойлап жүрмін» деп жылы сөздеріңді айт.


10.Ойыңды ұщқында. Жұмыстан үзіліс жаса да, сурет сал, акварельді пайдалан, блог жүргіз.


11.Күнде көріп жүріп, бірақ ешқашан тіл қатыспаған жанмен амандас. Кім біледі, ол да достыққа айналуы мүмкін.


12.Ештеңе күтпестен, біреуге алғыс айту хабарлама жаз. Бұл өте керемет сыйлық.


13.Келесіде болатын қызықты оқиғаларың туралы арманда. Саяхаттауға арналған дүкендерге бар, немесе интернеттегі арнайы сайттардан қарап, өз демалысыңды жоспарла.


14.Дағдылы әдеттеріңді өзгерт. Кофені басқа жерден ал, таңертеңгілік жаттығудың басқа түрін жаса, сен көретін әдеттегі жанрды қойып, басқа да әртүрлі кино түрлерін қара.


15.Тәуекел ет те, бірге жұмыс жасайтын адамды кездесуге шақыр.


Барыңды сал. Өз күніңді ерекше қыл. Қарапайым күнді ерекше күнге айналдырудың тағы қандай түрлерін білесің?

blogtime.kz

 




Көрілген: 2543    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.02.2015, 19:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30