Психология

Кешірім сұрай білесіз бе?

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Өмірде кешірім сұрау керек болатын жағдайлар аз болмайды. Тіпті қателік жасағаныңды біліп тұрып, ашудың буымен де жақыныңның жанын ауыртып алуыңмүмкін. Не керісінше, ойда жоқта төтеннен ағаттық орын алып жатады. Адамдар кешірімді басқа амалы қалмағаннан сұрамайды. Кешірім сұрамаса, жан-дүниесі дамыл таппайтын жандар қаншама…

Әсершіл адамдарды салқынқанды жандардан эмоциясына қарап, бірден танитынымыз белгілі. Эмоцияға ерілетін адамдар кез келген дүниеге жараланғыш келеді. Тәні емес, жаны жараланғыш. Сондықтан, досыңыздың, туысыңыздың, жақыныңыздың жан-дүниесін жаралап алмас үшін кешірімді дұрыстап сұрағаныңыз жөн болады.


1. Күлдіріңіз. Жоқ жерден дау туындап, әдемі көңіл-күйдің талқаны шықса, бұл ситуациядан құтылу үшін өзіңіз ренжіткен адамды күлдіруге тырысыңыз. Әңгіменің аяғын әзілге ұластырыңыз. Ол үшін жақсы анекдоттар мен қызықты оқиғаардың көмегіне сүйеніңіз.


2. Сый жасаңыз. Кешірім сұрап тұрып, сыйлығыңызды құрбыңызға, әпкеңізге, жалпы қыз баласына ұсына аласыз. Жігітке де сый жасауға болады. Романтикалық кешкі асқа шақырыңыз немесе үй ішіндегі міндеттерінің бірін орындап қойыңыз, тіпті болмай жатса, «оның керекмет жан» екенін айтып, жылы сөзіңізді арнаңыз.


3. «Кешірші мені». «Кешірші» деген сөзді айту оп-оңай болғанымен, жүректен шықпаса, әсері де аз болып, құны жойылады. Сондықтан ренжіткен адамыңыздың көзіне тіке қарап, СМС арқылы не радио арқылы жеткізсеңіз, нәтижелі болады.

Теледидардағы жүгіртпе жолдың да көмегі тиеді.


4. Үнсіз кешірім сұраңыз. Ішіндегі шынайы өкінішін сыртқа дауыстап жеткізе алмайын жандар аз емес. Егер жасаған ағаттығына шынымен де өкініп, өз кінәсін мойындаса, үнсіз де кешірім сұрауға болады. Ол үшін мұңды жанар, терең күрсініс, жасқа мөлтілдеген көз де жетіп жатыр.


5. Бастықтар сияқты дауыс көтере, кешірім сұрау. Арақатынастың үзілмеуін тілесеңіз, сіздің кінәңіз болсын, болмасын кешірім сұрайсыз. Ол үшін кішкене дауыс көтеріп, сөздеріңізді нақты айтасыз. Түюлі қабақ, сыпайы, бірақ көтеріңкі дауыс.


6. Өзіңізді құрбан етіңіз. Жалпақ тілмен айтқанда, бәрін керісінше жасайсыз. Бар кінәні өзіңіз ренжіткен адамға аударып, әр сөзінен астар іздеп, жазаланған жандай күйге түссеңіз, соңында ол адам сізден кешірім сұрайды. Әрине бұл көп жандарға ұнай бермейді. Кей жағдайда оң әсерін беруі мүмкін.

Кешірім сұрағаннан кешіре білген ауыр. Бір-бірімізді ренжітпейік.



aikarakoz.kz
 




Көрілген: 9409    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.01.2015, 13:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30