Психология

Көктемгі әлсіздікті қалай жеңуге болады?

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Әдетте бізге көктем мезгілінің басы нашар көңіл-күйді әкеледі. Оған қоса, осы маусым ағзамыз мүмкіндіктерінің шегіне жеткендей болып, жанымыз бен тәніміз бір сырқатқа душар болып жатады. Неге әр көктем сайын осылай болады? Не істеуге болады? Бұның себептері қандай?

Көктем адам ағзасынан көп күшті алып қоятындықтан, біздің имунды жүйеміз жұқарып, дәрумен қорын тауысады, ал оларды қалпына келтіру қиын. Міне, әлсіздік пен сырқаттар қайдан келеді. Қыстың суығында үйде көп отыруға тырысып, аз қимылдаймыз, көктем келісімен бірден пайда болатын қимылдардан солғындық пен селқостыққа ұрынамыз. Қар еріп, ауа райы өзгеріп жатқанда, адамдар қан қысымының төмендеуі мен бас ауруларынан зардап шегеді. Оған қоса, күніне сан рет құбылатын ауа райы бар: жаурайсыз, терлейсіз, жел тиеді, суық тигізіп аласыз.

Көктемгі шаршау авитаминозға да байланысты болады. Көктемде жемістер мен көкөністер құрамындағы барлық пайдалы дәрумендер мен қосылыстар бұзылады, тіпті зияндылары да пайда болады. Сондықтан қыстан қалған алма мен сәбіз авитаминозбен күресе алмайды.

Буындар мен бұлшық еттеріңізге назар аударыңыз! Көктемде буындар сырқырап, ескі жаралар мен созылмалы аурулар сыр бере бастайды. Қанша сақтасаңыз да, суық жел сізге жетпей қоймасы анық. Бұлшық еттер мен буындар көктемде ерекше күтім мен қамқорлықты талап етеді. Дәріханаларға бас сұғып, арнайы майлар мен жылытатын кремдерді және ауруды басатын гельдерді алып қоюға кеңес береміз.

Көктемгі күйзелісті жеңу жолдары:

Дәрумендер

• Әлісіздік байқалып, көру қабілетіңіз нашарласа, А дәруменін (сәбізде, қызанақта,көк бұршақта),

• жүйкеңіз жұқарып, шашыңызды түсіп, тырнақ сыну байқалса В дәруменін (пиязда, шпинатта, горохта),

• ағзаңызда зат алмасу процесі нашарлап, буындарыңыз сыр беріп жатса, С дәруменін ( картопта, орамжапырақта, салаттарда, бұрышта, редискада ) пайдаланыңыз!

Дұрыс ұйқы. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтап, түс уақытында мүмкіндік болса, бір мезгіл мызғып алғаныңыз жөн.

Отырған жеріңізде шам жағып қойып, бөлмеңізге қуатты шамдарды қойғаныңыз дұрыс. Әрине, қолдан жасалған жарықтандыру күн сәулесін алмастыра алмайды, бірақ бұлтты күні ең дұрыс шешім осы болмақ.

Гардеробыңызда ашық түсті киімдер мен аксессуарлар көбірек болсын. Сарғыш түсті көйлек немесе орамал күйзеліспен тамаша күресе алады.

Мандарин немесе басқа да өзіңізге ұнайтын майы қосылған хош иісті ванна қабылдаңыз. Бұл көңіл-күйіңізді көтеріп, сергітеді.

Көбірек қимылдаңыз. Физикалық белсенділік мұндай сәттерде таптырмас көмек болмақ.

Көктемнің жаймашуақ күндерінде барлық сырқат пен әлсіздіктерді артқа тастап, қыр гүліндей құлпырып, жадырап жүре беріңіз!

massaget.kz




Көрілген: 2908    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2015, 13:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30