Психология

Кітап оқуды әдетке айналдыру

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Туристтерге, шетелдіктерге қарайтын болсақ, шабадандарының жартысында киім, қалған жартысында кітаптар болады. Ал біз саяхатқа шыққанымызда ойымызға ең соңынан келетін нәрсе – кітап... Шетелдердің қоғамдық жерлерінде біршама адамдардың газет-журнал, кітап оқып отыратын болса, бізде жоқ дерлік деңгейде. Шетелдерде газеттер күндік басылыммен шығатын болса, бізде ең берсісі апталық басылыммен шығады... Елімізде, әсіресе қазіргі қоғамда кітап оқу дағдысы жеткіліксіз дәрежеде...

Десек те осы кітап оқу дағдысын қалыптастыру өте маңызды мәселе. Ең жақсы, ең дұрыс және ең оңай ілім кітап оқу арқылы үйреніледі. Кітап – дыбыссыз мұғалім. Түсінбеген жерлерін бірнеше рет қайталап оқи аласыз. Түсінбегеніңіз үшін сізге ашуланбайды. Ұрыспайды және масқараламайды.

Теледидар мен радио сияқты құралдардан алынған білім уақытша. Көп мәлімет берілсе де, бұларды ақылда сақтау қиын. Өйткені бұл мәліметтерге иемдену үшін ешқандай еңбек жұмсалмаған. Бірақ кітап ондай емес. Белгілі еңбек жұмсалып алынған білімнің ұмыт болу ықтималы өте аз.

Кітап оқыған кезде әрі жаңа мәліметтер үйреніледі, ой-өрісті арттырады, әрі күнделікті қиыншылықтарыңыздан аз болса да ұзақтаған боласыз. Көп кітап оқыған адамдардың сөйлеу мәнері дұрысталады. Әдемі және түсінікті сөйлемдер құрады. Пікірін орынды түрде жеткізе алады. Оқиғаларды тіл байлығымен қызықты етіп айтып береді. Оңайшылықпен ашуланбайды, сабырды үйренеді. Түсінігі мол және шыдамды болады.

Кітап оқу дағдысы кіші жастарда пайда болса, әсерлірек, жақсырақ және тұрақты болады. Бұған ата-ананың да көмекші болуы, оқығандарын бірге талқыға салуы, өзі де кітап оқып үлгі болғаны жақсы. Балалар мен жас өспірім оқыған кезде қызығушылық танытатын комикстер, қысқа хикаялар, қызықты балалар ертегілері, сөз қазынасын арттыратын кросcвордтар, жұмбақтар, балалар мен жас өспірімдер үшін дайындалған журналдар да оқу дағдысын тудырады.

balalaralemi.kz

 




Көрілген: 3462    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.02.2015, 12:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31