Психология

Олардың мекені – Онлайн

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Бірде, үйде демалып отырған болатынмын, жәймен жақындап келген 4 жасар жиен інім:

- Әпке, маған агент ашып беріңізші демесі бар ма?! Күлдім.

- Оны қайтесің, десем:

- Агентке кіріп отырамын,агентке кіріп кетіпсің деген сөзді жиі естимін.Бәрі агентке кіріп жүр ғой.Көрейін,маған ұнайтын нәрсе бар шығар дейді.

Йә, әлеуметтік желінің өркендеген кезеңі. Бірақ, соны біз тиімді жағына пайдаланып жүрміз бе? Қоғамдық көлікте, аялдама да,оқуда,жұмыс та, қызықты кештерде, қолында қос-қос ұялы телефон,қала берді қымбат планшеттер бүгінгі күннің көрінісі. Қасымызда осылар болмаса,барша әлемнен қол үзгендей болып алақ-жалақ етіп қаламыз.Әрине бұл желілік қызмет ыңғайлы,қызметте жүрген адамдар үшін. Ақпараттар алмасып, құлақты елең еткізер жаңалығымыз болса, жариялауға асығамыз. Сауда, түрлі тапсырыстарды да интернет арқылы беріп, отыратын жағдай жасалған. Ал, жас буын үшін, яғни оқушыларға қаншалықты тиімді? Біраз уақыт алдын, пошта арқылы тек компьютерде жаза алатынбыз. Қазір қол жетімді ұялы телефонға орнатылған «@ mail.ru , drukvokrug, fasebook, twitter» сынды желілер сананы улайды. Таңнан қара кешке дейін телефоннан бас алмай, көзінің майы таусылғанша телміріп отырып алады. Тіпті, агентке кіріп ұйықтауға да болады. Жастардың тілімен айтқан да. Ал, осыдан ата-аналарымыз хабардар ма? Таңның атысы, күннің батысымен жарысып тіршіліктің қамы баласының қарнын тойдырып, жыртығын жамап жүрген ата-ана үйдегі баласын періштедей көреді. Қарны тоқ, киімі бүтін балам оқуға барып келіп жүр ғой деп,сенім артады. Ал,мұны дұрыс түсініп жүрген бала аз-ау шамасы. Байқасаңыз, мектеп қабырғасындағы оқушы болсын не жастар сөзге келген де шорқақтау. Тілін жұтып қойғандай, мыңғырлап не айтқанынан өзі бейхабар. Ал, желіде, өзінің әлемін де басқаша. Сөздің майын тамызып, шешендік өнерінің бар екенін байқатады. Олардың жазулары да өзгеше, қысқа өздеріне түсінікті. Өздерінің арасында бір жаңаша «тіл» пайда болған. Олар танысып,тіпті соңы ұлан-асыр тойға да ұласып жатқандары кем емес. Агент арқылы келінді болып,қолы ұзарған енелеріміз да бар. Қараңызшы, біз қандай ұрпақ тәрбиелеп отырмыз?! Мына әлемнен мүлдем бейхабар.Теледидардан естіп едім. «Досы бір досының үйіне қоңырау шалып, досын сұраса керек. Сонда анасы :ол үйде жоқ, басқа әлемде» деген екен. Олардың әлемі – онлайн. Өздерінің әлемінде емін-еркін сөйлеседі, танымайтын әлдебіреуді дос санап бар сырын айтады. Бала үшін психолог, ол – әлеуметтік желі. Сонда,ата-аналар бала тәрбилеуде шет қалып отыр. Бүгінгі баланы әлеуметтік желі тәрбиелеуде. Өскелең ұрпақты бөгде біреу тәрбилесе, өзгенің ұлы көріп, өздігімізден айырылып қалмайық. Балаңызды, мекеніне айналған - онлайн әлемінен оралтып алыңыз.

Айымхан Әмірбекқызы

«Астана дарыны» өңірлік

ғылыми –практикалық орталығы


 




Көрілген: 1957    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2015, 16:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30