Психология

Өткенді ұмыта білу керек

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Психологқа келетін адамдардың көбінің мәселесі – өткен жайттардың әсерінен күйзеліске ұшырау, жаңа өмір бастай алмау.

Егер біз өткенімізді ұмытпасақ, айлап, жылдап күйзелісте жүреміз. Уақыт өте келе бұл күйге де үйренісіп, оны қабылдап кетеміз...

Өткенді толық ұмыту керек, одан бас тарту керек демейміз. Бұл көлік жүргізумен бірдей: сіз алдыға қарай алмай, тек артқа қарасаңыз, көрген, өткен жолдарды ғана көресіз. Ал сіз ілгері қарауыңыз керек, тек арасында ғана артқа қарап қоясыз, себебі бұл сіздің өткеніңізбен байланыс, яғни осы күнге қалай жеткеніңізді аңғартады деуге болады.

Адамдар көп жағдайда бұдан құтылу үшін психологтың көмегіне жүгінеді. Бірақ, алдымен өзіміз тырысып көргеніміз дұрыс емес пе? Қане, көрелік...

1. Алдымен өткеніңізбен бір келісімге келіп алыңыз. Мүмкін сіз қателік жіберген шығарсыз, алайда бұл сізді «жаман» етпейді. Қайта-қайта өткенді еске алумен сіз өзіңізді жазалайсыз, психикалық түрде қысым жасайсыз. Бұл жалғанда әр адам қателік жібереді. Бұны түсіне алған жағдайда сіз өткенізбен келісімге келесіз.

2. Босату. Өткеннен арылуға не бөгет болып тұр сізге? Эмоцияларыңыз ба? Егер сіз кінә, ашу, ыза, реніш, өкініш пен мұң сезетініңізді аңғарсаңыз, олардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеп, оларды босатуға тырысыңыз.

3. Кешіруге дайын болыңыз. Егер сіз өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, кешіруді тәжірибелеу қиынға соғады. Ал егер сіздің кінәңіз шын мәнінде басқа адамның кесірінен болса, сіз әділдікті аңсаумен болсаңыз, кешіру мүлде қиын болып кетеді. Бұл орайда сіз өткенді ұстаудың тек өзіңізге зияны тиетінін толық түсінуіңіз керек. Кешіре білмеу – сіздің жүрегіңізді қатайтады.

4. Әр нәрсені уайымдай бермеңіз. Өзіңізге «өткенде болған жайт маңызды ма?» деген сұрақ қойыңыз. Оны, тіпті, одан да үлкен мәселелермен салыстырып көріңіз. Бұл арқылы сіз өз проблемаңызды кішірейтуге тырысасыз.

5. Не қалайтыныңызды түсініп алыңыз. Егер сізге не керектігін нақты білсеңіз, бұл сізді әрекет жасауға, дұрыс жолға салады. Сіздің миыңыз автоматты түрде не қаламайтынын ойлаумен айналысады. Яғни, өткенде болған жайттарды еске алумен болады. Ал сізге болашақтың айқын бейнесін елестетіп үйрену керек. Армандарыңызды қағазға түсіріп, сол жайлы қайта-қайта ойлай беріңіз. Қолыңыздан келсе, тіпті, суретін салуға тырысыңыз. Осындай дұрыс бағыттағы кез келген әрекет сізді ілгері жылжытатыны сөзсіз.

6. Бар ішкі күшіңізді «қазіргіге» жұмсаңыз. Өткеннің өтіп кеткенін есіңізге салып тұрыңыз. Болған зат болды, бояуы сіңді демекші, өткен нәрселерді сіз өзгерте алмайсыз, оны тек қабылдауыңыз қалып тұр.

7. Өткеннен сабақ алуды ұмытпаңыз. Егер сіз өткенді толық ұмытамын десеңіз, өзіңізді де, жұртты да алдағаныңыз есептеледі. Себебі, өткеннен толықтай бас тарту, біріншіден, мүмкін емес, екіншіден, дұрыс емес. Сіз тек жағымсыз, ауыр эмоциялардан толық құтылуыңыз керек, өткенді еске алғанда тек жақсы сезім болуы керек. Егер сіз осыған жете алсаңыз, өзіңіздің өткенге тәуелді емес екеніңізді түсінесіз. Жіберген қателіктерден ой түйіп, сабақ ала біліңіз, себебі, әр нәрсенің пайдалы қорытындысы болады.

Осы кеңестердің сізге мол пайдасы болады деген үміттеміз!

Дайындаған: Фариза Әбілова

massaget.kz




Көрілген: 3302    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2015, 14:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31