Психология ғылымының адам өміріндегі маңызы

Психология ғылымының адам өміріндегі маңызы

Қазіргі уақытта біз психологияның ғылым ретінде, қазіргі қоғамның әр адамының өмір саласына айналып жатқанын көруімізге болады. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады, оның өмірін жеңілдетеді және оны жарқын, сәтті және бақытты етеді. Басқа адамға қандай көзқараспен қарауға болады? Өзіңізге қалай сенімді, мейірімді болуға болады? Қиын жұмыс және тұрмыстық жағдайларды қалай шешуге болады?...

Психология барлық жағдайларға арналған көмекші болмаса да, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, психологияға ғылым мен практика ретінде қызығушылықтың артуына қарамастан, адамдар оған әр түрлі көзқарас танытады, яғни оң көзқарастан жағымсыз көзқарасқа дейін. Кейбіреулер психология шын мәнінде өте пайдалы ғылым деген пікірмен келіседі, оның күшті жағы-алынған білім мен дағдыларды өмірде қолдану мүмкіндігі.
Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық үлкен және қазіргі қоғамның барлық салаларына: білім беру; саясат; медицина; спорт; экология; өнер және бизнес және т. б орын алады.
Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді. Жеке тұлғаның сана-сезімінің дамуына әсер етіп жүрген жандардың бірі Алмас Ақынды мысал ретінде алсақ: «Кез-келген адамның өз өмірінің ораторы, көшбасшысы, жеңімпазы және бай болып қалыптасуы үшін оған 3 үлкен фактор әсер етеді:
1. Сенімділік. Ішкі блоктардан толығымен айығу;
2. Өз бағытын білу. Өзіңіздің тұлғалық моделіңізді анықтау;
3. Бойыңыздағы талантты ортада қолдану то игеру яғни, осы сенімділік арқылы психологиялық тұрғыдан қалыптасамыз», — дейді.
Адам бойындағы кездесетін мәселелерді ескере отырып, оларға қол ұшын созатын психологтардың маңызы зор. Сондықтан қазіргі әлемдегі психологтың рөлі өте қажет. Ол көптеген адамдардың өмірін сақтайды. Кішкене проблемалар болса да, психологпен сөйлесу адамға өз әсерін тигізеді, айтарлықтай жеңілдейді.
Әйтсе де, психологтар деген кім? Психологтар-бұл өз саласының мамандары.Психологтар-бұл әртүрлі проблемалық жағдайларда көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын адамдар. Мысалы: қарым-қатынастағы қиындықтар, отбасындағы қиындықтар,балалармен қиындықтар,мансап проблемалары, қаржы және өмір жоспарлары, өзіне қатысты қиындықтар, жаман әдеттер мен тәуелділік,өз-өзіне күмәндану, кешіктіру, эмоционалды күйзеліс, түсініксіз эмоциялар, жақын адамнан бөліну, мазасыздық пен қорқыныш,депрессия,стресс,дүрбелең шабуылдары, нашар ұйқы, жанжалдар мен қақтығыстар,агрессия, тәбеттің жоғалуы, өмірдің құнсыздануы және т.б. психологиялық проблемалар болуы мүмкін. Сондақтанда психологтардың енбегін бағалауымыз керек.
Психологиялық проблемалары бар клиентке(пациентке) психологиялық емдік әсер етудің 4-5 сессиясынан кейін пациенттің психоэмоционалды жағдайы дұрысталады. Психологпен жұмыс істегеннен кейін пациенттер әлдеқайда жақсарады,негізінен көптеген проблемалар адамдардың өміріне теріс әсер бермесе, оң әсері жоқ. Психологқа жүгінген адамдар әлемге және жағдайларға басқа көздермен қарайды, емдеуге дейін қорқынышты болып көрінген нәрсені соншалықты ауыр қабылдамайды. Олар депрессияны, апатияны жоғалтады, өмірге қызығушылық танытады және онымен бірге тамақтануы да жақсарады. Адам тынышталады, оның ұйқысы қалыпқа келеді, терең, тыныш болады. Психологқа жүгінгеннен кейін адамның өмірі жақсарады, жарқын болады, жағымды эмоциялар мен сезімдерге толы болады.
Қорытындылай келе, психологияның адам өміріндегі рөлі шынымен маңызды деп айта аламыз. Басқа ғылымдармен қарым-қатынаста психология өзінің пәнін, теориялық принциптері мен осы пәнді зерттеу әдістерін сақтайтынын нақты түсініп, есте сақтау керек. Психологияда білімнің ерекше саласы ретінде бірқатар арнайы салалар біріктіріледі, олардың арасындағы байланыс әрдайым бірдей болмайды. Бірақ, кейде «үйлесімсіздікке» қарамастан, олардың бәрі білімнің бірыңғай саласына жатады. Сайып келгенде, олардың жалпы міндеті – құбылыстардың бір класының-психикалық мәнін зерттеу. Психологиялық пәндердің бүкіл жүйесін зерттеудің негізгі объектісі-адам, оның психикалық процестері, күйлері мен қасиеттері болып табылады.


«Психология» мамандығы 3- курс студенттері
Марқұш Гүлсәт, Зейнулла Шолпан
Жетекшісі: Лиясова Айгуль Амангельдиевна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әдебиеттер тізімі:
1. Асмолов А. Г. Психология личности. – М., 1990.
2. Ганзен В. А. Системные описания в психологии. – Л.: ЛГУ, 1984.
3. Теплов Б. М. Проблемы индивидуальных различий. – М., 1961.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста