Психология

Сангвиниктерге қай мамандық сай келеді?

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик сынды төрт темперамент туралы естіген шығарсыз. Темперамент дегеніміз – адамның жүйке жүйесінің ерекшелігімен байланысты табиғи қасиеті. Туа біткен қасиетті өзгерту қиын болғандықтан, оны мамандық таңдайтын кезде де ескергеніміз жөн.

Интернет беттерінен темпераментімізді анықтауға арналған арнайы тестілерді табуға болады. Мұнымен қатар, төмендегі психолог мамандардың зерттеуінің көмегімен темпераментімізге сай мамандықты таңдай аламыз.

Сангвиник

Сангвиниктер ұжым ішінде өте мейірімді, белсенді, күлімсіреп жүретін адам ретінде танылған. Олар өзгелерден тұрақтылығымен ерекшеленеді. Сырттай мазасызданып тұрса да, жан-дүниесі сабырлы келеді. Бір тапсырмадан екіншісіне оңай өтеді. Холериктер секілді берілген жұмыстан тез жалықпай, оны соңына дейін жеткізуге тырысады. Үнемі айналасындағыларға ақкөңілділік танытады. Жаңа адамдармен тез тіл табысып, өмірлік достарына адал бола біледі. Кейде өзін асыра сілтеп бағалайды. Әдетте мінезі өте тұрақты келеді. Ұйымдастырушылық қасиеттері өте жоғары.

Оқу мен экзаменге дайындалу. Орындалуы тиіс тапсырмаларды жүйелеп алған кезде ғана жақсы жұмыс істей алады. Ешкім көңілін бөлмесе, берілген тақырыпты толықтай меңгереді. Сол себепті бір күндік жоспарын алдын ала нақты құрып алғаны жөн. Топтық пікір-талас, зертханалық жұмыс, конспект жазу арқылы сабақты жақсы оқиды.

Сангвиниктерге арналған мамандықтар. Олардың жұмыс істеу қабілетіне ішкі және сыртқы факторлар мүлдем әсер етпейтіндіктен, кез келген салада жүріп табысқа жете алады. Мұнымен қатар, қара күш пен ақыл-ой еңбегін де қатар пайдаланады. Тіл табысу қасиетінің арқасында жақсы басшы болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейді. Кез келген жаңалықты оңай қабылдап, ұсынылған графикке сай икемделеді.

Ұстаз, әкімшілік, журналист, даяшы, қаржыгер, технолог, адвокат, менеджер сынды мамандықтарды таңдағандары жөн. Сангвиник детальдарға үңіліп, айналасын бақылай алса да, мұндай жұмыстарға қызықпайды. Әртүрлі салады жақсы басшы бола біледі. Басшылық нақты тапсырма бермеген кезде қатты қиналады. Жалпы сангвиниктер кез келген салада жұмыс істей алады.

Ал Сіз өзіңізге ұнайтын мамандығыңызды таңдадыңыз ба?

massaget.kz

 




Көрілген: 2140    Пікірлер: 0

сенбі, 18.04.2015, 17:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30