Психология

Суицидке қандай күш итермелейді?

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Өкінішке орай, елімізде суицид жасаған жастар туралы жиі айтылып жатады. Өмірін бастамай жатып, өзін-өзі өлімге қиюға не себеп болады?

Бұл әрекетке, негізінен, әлі ақыл тоқтатпаған жасөспірімдер барады. Неліктен? Жасөспірімдер осы кезеңде максималист әрі перфекционист болады. Бәрі өздері ойлағандай мінсіз әрі тез жүзеге аса қалуы керек. Суицид жасаудың себептері әртүрлі болғанымен, негізінен, кейбір түрлері барлық суицидистерге ортақ, жиі қайталанады.

Біріншіден, жасөспірімдердің өзінің сырт келбетіне көңілі толмауы. Өздерін Голливуд жұлдыздарымен, атақты әншілермен салыстырып, ажарынан толып жатқан мін табады. Жеткіншектік жаста әлі дене бітімі мен бет пішімінің толық қалыптаса қоймайтынын «Анатомия» оқулығынан оқыса да, оны ескергісі келмейді.

Екіншіден, махаббат машақаты. Бұл кезеңде жастар тез ғашық болып қалып жатады. Егер көңілін білдірген адамынан өзі күткендей жауап алмаса, онда өмірінің еш мәнісі қалмағандай болып, қайғырады. Алғашқы махаббатына қосылатын адамдар кемде-кем. Бұл жөнінде тәжірибесі мол, ересек адаммен сөйлессе, әлі бірнеше рет ғашық болуды бастан кешіретінін білер еді.

Үшіншіден, жақын адамының қайтыс болуы. Мұндай қайғыны ересек адамдардың өздерінің еңсеруіне біраз күш пен уақыт қажет. Ал өмірлік тәжірибесіз жасқа екі есе қиын. Төртіншіден, жақын адамдарымен: ата-ана, дос-жарандарымен ренжісуі. Қазіргі кезде ата-аналар «қызым үйде, қылығы түзде» деп балаларының не істеп жүргендеріне мән бермейді, көбісі баласының қандай көңіл күйде екенінен, оны не толғандыратынынан, достарының кім екендігінен мүлде бейхабар болып шығады. Сондықтан ата-ана мен баланың қарым-қатынасы жақынырақ болғаны дұрыс. Әрине, еш ата-ана баласына жамандық тілемейді. Тек кешігіп қалмаса болғаны...

Бесіншіден, қатар-құрбыларының оны мазақ қылып, күлкіге айналдыруы. Жасөспірімдердің бір нашар қылығы - біреуді келеке ету, соған басқаларды да жұмылдыру. Өз қатарластарының пікірлері де жастарға өте қатты әсер етеді.

Алтыншыдан, ұзаққа созылған күйзелістің нәтижесі. Жоғарыда айтылған жайттарды уақытында ескермесе, жабығыңқы көңіл күй бірте-бірте күйзеліске ұласады. Адам ештеңеге қызықпайды. Барлық нәрсені автоматты түрде жасайды. Айналасындағы болып жатқан оқиғаларға қуанбайды, ішкі қайғысын ешкімге айтып, сырласпайды. Күндердің күнінде өзіне «Не үшін өмір сүріп жүрмін?» деген сұрақ қойып, сұмдық әрекет жасауға шешім қабылдайды.

Өзіңізге қол жұмсау туралы ойласаңыз, бізге хабарласыңыз, көмек қолын созамыз!

massaget.kz




Көрілген: 2086    Пікірлер: 1

сейсенбі, 19.05.2015, 15:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30