Психология

«Тек бала үшін ғана өмір сүру» дұрыс па?

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

«Балам үшін өмір сүріп жүрмін», «Сендер үшін ғана өмір сүремін»... Ата-анамыздың аузынан жиі еститін сөз – осы. Иә, мұндай сөзді есту бір ғанибет те шығар. Әлдекімнің өмірі саған байланысты. Сенің амандығың үшін анаң мен әкең өмір сүріп жүргені бір шетінен жүректі шын ауыртады. Олар неге біз үшін өмір сүреді? Бізді өмірге әкелгені – табиғи міндет. Бізді өсіріп, аяғымыздан тік тұрғызуы да сондай. Ал біз үшін өмір сүруге оларды не итермелейді? Біз ата-анамыз үшін өмір сүріп жүрміз бе? Оны ойланып та көрмегенбіз, мойындайықшы! Әке мен шешенің де өз өмірі бар. Олардың да өз әлемі, өз ішкі дүниесі бар. Неге олар өздері үшін өмір сүрмейді? Олар үшін бала туылған соң да көрер қызық таусылмайды ғой?

Ата-аналардың балалары үшін өмір сүруі есті балаға қалай әсер етеді?

«Сен үшін ғана өмір сүріп жүрмін. Сен менің – өмірімсің» деп үнемі құлағына құйып өсірген баланың өзге балалардан психологиясы басқаша болады. Анасы немесе әкесі осы баласы үшін өзінің жүрегін де жұлып беруге дайын тұрады. Бала үшін жұмыс жасайды, бала үшін күн кешеді. Бала анасының балам деп күні-түні тынбай еңбек етуін, сол үшін талай қиындықпен бетпе-бет келуін, баласын аяққа тұрғызу жолында өзінің денсаулығы мен әйелдік нәзіктігін ұмытып, ажарының әрі кеткендігін көріп өседі де, ол да қалған өмірін аяққа тұрғызған анасы үшін өмір сүруге бел байлайды. Оны осындай азамат етіп, жақсы өмір сүруіне мүмкіндік жасаған шешесінің жас кезден бері құртылған денсаулығының әлегімен жүріп, ендігі жерде тек анасы үшін күн кешетін болады. Бала анасының алдында онсыз да өмір бойы қарыздар емес пе?...

«Бала үшін ғана өмір сүруге» не себеп?

Көбіне мұндай шешімді қабылдайтын ата-аналар өмірден көп тауқымет тартқан жандар. Олардың жалғызбасты әке немесе жесір ана болуы да мүмкін. Мұндай аналар мен әкелердің бар арманы – баласын жетілдіру. Осы жолда олар кез келген құрбандыққа дайын тұрады. Олар үшін махаббат та, қуаныш та, бақыт та – осы. Мұндай жандардың біразы отбасылық өмірде отағасынан немесе басқа да адамдардан көңілі қалған болуы мүмкін. Тіпті кейбірі өзіне-өзі қол жұмсаудан баласы үшін ғана аман қалғандар болуы да ықтимал. Олар үшін жұбайының аса маңызы жоқ.

Барлық бала әке-шешесінің сол үшін өмір сүріп жүргенін түсіне бермейтіні тағы бар. Бірі ес жиып, өз қолы өз аузына жете бастағанда әке-шешесінің қарамағынан ұзап, өз ұясын өзі бұзып кетіп қалады. Сонда ғана қартайып қауқары кеткен әке-шеше өзінің бала үшін ғана өмір сүруінің қате екенін түсінеді.

Балалы болып жатқан бүгінгі жастар да тек бала үшін ғана өмір сүру «дәстүріне» дағдыланбай-ақ қойса екен... Бала-шағаны туыңыз, өсіріңіз, адам қатарына қосып, саналы етіп тәрбиелеңіз. Тек өзіңіз үшін, бір-біріңіздің махаббатыңызға қартайғанша бөлене беру үшін, өмірдің жарқын сәттерін көру үшін, бес күндік жалғанның әлегімен арпалысып, алға қадам басу үшін өмір сүріңізші! Тек бала үшін емес!...

massaget.kz 




Көрілген: 2314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2015, 18:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30