Алашты алаңдатқан сауал

1986 жылы зардап шеккендерге арнайы әлеуметтік мәртебе беру керек пе?



Болат САЙЛАН, Ауған соғысының ардагері:

– Меніңше, Желтоқсан оқиғасына қатысып, зардап шеккендерге әлеуметтік мәртебе беру қажет. Өйткені сол оқиғаға қатысқан жастардың талайы мүгедек болып қалды, талайы жазықсыз түрмеде отырды. Олар ондай қадамға өздерінің жеке басы үшін емес, Қазақстанның болашағы үшін барды. Сондықтан да оларға әлеуметтік мәртебе берілуі тиіс деп ойлаймын. Сондай-ақ сол кезде кеңестік жүйенің әрекетіне қарсы болып, табандылық танытып, қызметінен айырылып, кейін де қудалауға ұшыраған ішкі істер органдары қызметкерлері және партия қызметкерлері де тиісті бағасын алуы қажет. Сондай-ақ аймақтарда Алматыдағы көтерілісшілерге қолдау көрсетіп, көшеге шығып, салдарынан әртүрлі залал көргендер де естен шығарылмауы тиіс. Әрине, әлеуметтік мәртебеге ие болғысы келіп, «мен де Желтоқсан оқиғасына қатысқанмын» дейтіндер де табылуы ықтимал. Бірақ оны анықтау қиын емес. Қауіпсіздік комитетінің мұрағатында Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың барлығының тізімі бар деп ойлаймын. Мәселен, бір ғана Қайрат Рысқұлбековке қатысты қозғалған іс он бір томнан тұрады. Соның ішінде қаншама дерек бар.




Берекет КӘРІБАЕВ, тарих ғылымының докторы:

– Жалпы, Желтоқсан көтерілісі Қазақ елінің тарихында, әсі­ресе Қазақстанның жаңа замандағы тарихында ерекше орын алады. Бұл оқиға қызыл империяға алғашқы болып соққы жасап, ыдырауына тікелей ықпал етті. Оқиға бір ғана Алматыны емес, еліміздің өзге аймақтарын да қамтыды. Көтерілісшілерге империялық мәшине қарсы тұрды. Қаты­сушылар соққыға жығылды, түрмеге жабылды. Қалғандары әртүрлі деңгейде қуғынға ұшырады. Бәрі де моральдық тұрғыдан зардап шекті. Сондықтан олардың әрбірі құрметке лайық. Яғни оларға әлеуметтік мәртебе берілуі керек. Оған мем­лекеттің әлеуеті жетеді. Олар қазақ халқының болашағы үшін алаңға шықты. Демек, ел болашағы үшін күрескендерді елі ескеруі тиіс. Ерлікке лайық деп табылғандар ел алдына шы­ғарылып, марапатталуы қажет. Бұл, екінші жағынан, жас­тар­ды Отанын сүюге, елін қорғауға үндейді. Жастарымыз елін, жерін қорғаған ерлерінің ел есінде мәңгі қалатынын ұғынады.




Мақсат ЖАҚАУ, «Ақ жол» ҚДП төрағасының кеңесшісі:

– Тек қана зардап шегіп, мүгедек болып қалғандар мен түрмеде отырғандарға ғана емес, Желтоқсан оқиғасының барлық қатысушыларына әлеуметтік мәртебе берілуі керек деп ойлаймын. Жеңіл жарақат алғандар не ешқандай жарақат алмаған қатысушылар да бар. Меніңше, оларды бөліп қарауға болмайды. Мәселен, оқиғаға қатысушылардың қаншасы дене жарақатын алмағанымен, оқудан шығарылды, жұмыстан қудаланды. Сондықтан қатысушылардың бәрі де әлеуметтік қолдауға тұрарлық ерлік жасады. Десе де бәріне бірдей ақшалай көмек беру мүмкін болмас, бірақ коммуналдық төлемдерге, салықтық төлемдерге пайыздық жеңілдіктер қарастырылуы керек. Қаладағы қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын берсек те артық емес. Сондай-ақ дәрі-дәрмекті тегін алуына не жеңілдікпен алуына жағдай жасалуы қажет. Жылына бір рет санаторийлік-емдеу мекемелеріне тегін жолдама беру дұрыс шешім болар еді. Ал «мен Желтоқсан оқиғасына қатыстым» деп жалған айтатындар бола қоймас. Ар-намысы, ұяты бар адам ондайға бармайды деп ойлаймын.




Көрілген: 1135    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2013, 13:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30