Алашты алаңдатқан сауал

Әкімдер тауар бағасын ұстап тұруға неге құлықсыз?



Тоғжан Шаяхметова, экономист-сарапшы:

-Болашақта тауар бағасының төмен түсетініне ешбір құзырлы орын кепілдік бермейді. Десек те, бағаның  қатты шарықтап кетпеуін қадағалау керек. Ол үшін бірінші кезекте жергілікті әкімшіліктердің белсенділігін арттырған абзал. Әкімдіктер тауар бағасын өсіруге мүдделі топтарды дер кезінде  анықтап, оларға қарсы шара қолданбаса болмайды. Екіншіден, тауар бағасы арзандатылған жәрмеңкелер жиі өткізілсе деймін. Үшіншіден, кәсіпкерлерге тауар бағаларын өсірмеуі үшін тиімді механизмдер ұсынылса тіптен жақсы. Мәселе үлкен әлеуметтік проблемаға ұласып кетпес үшін, күнкөріс себетін қайта қараған жөн. Ойлап қарасақ, қазір зейнеткерлерге өте қиын. 20 мың теңгеге жетер-жетпес зейнетақымен күн көріп отырғандар жетерлік. Олардың қайсыбірі осы қаражатқа ас-ауқат ала ма, болмаса дәрі-дәрмегін ала ма немесе басқа қажетін өтей ме? Сондықтан да, жоғарыда айтқанымдай, түйінді шешуге кәсіпкерлерді де қатыстыруға тиіспіз. Оларға әкімдік тарапынан қандай да бір жеңілдік көрсетіп, орнына оларды тауарының бағасын ұстап тұруға үндеу керек деп ойлаймын.




Болат Тәтібеков, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

-Менің ойымша, бақылау күшті болмай тұр. Әйтпесе, үкіметте жиі көтерілетін мәселенің бірі осы. Облыс әкімдеріне қатты тапсырылатыны да рас. Алайда, «күлтөбенің басында күнде жиын» болғанын қайтейік, нәтиже көрінбей отырса. Оны орындап жатқандары шамалы. Өйткені, әкімдер біліп алған, ешкім жазаға тартылып жатпайды. Бағаны ұстап тұра алмаған әкімдерді қатаң жазаға тартып, сөгіс жарияласыншы, әңгіме басқа болар еді.

Аз ғана халықпыз, соның өзін табиғи таза әрі бағасы арзан азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырғанымыз сын емес пе.  Өкінішке қарай, біздің елде табыс көлемі мен тауар бағасы бір-бірінен тым алшақ жатыр. ҚР Статистика агент¬тігі «тарифтердің өсуінің халықтың  көпшілігінің табысынан әлдеқайда жоғары» екендігін мәлімдегені естеріңізде болар. Баға – асау. Ал асауды тұсаулау қиын. Құр айта бергеннен пайда жоқ, тиімді тетіктерді қарастыру керек.




Құнанбай Тобатаев, қаржыгер:

- Бағаны тұрақтандыруаға бағытталған іс-шараларға өз басым көңілім толмайды. Олардың қандай да бір нәтиже беретініне де күмәнім бар. Иә, мұндай маңызды іспен тек әкімшіліктер айналысу керек. Үкіметтің бұл тапсырманы жеркілікті әкімшіліктерге табыстайтыны өте орынды.

Тауар бағасын ұстап тұруға олар неге құлықсыз? Оның ешқандай құпиясы жоқ. Жүрдім-бардым қарайды. Мықтап қолға алып, бел шеше кірісуге жоқ. Менің ойымша бәсекелестікті арттыру қажет. Мысалы, шетелден әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан жолмен тасымалдаудың жолдарын қарастырған жөн. Сонда тауардың бағасы өздігінен түседі деп ойлаймын. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге салынатын салықты төмендеткен дұрыс. Базарларда жалға берілетін орындарға төлетенетін ақша да тым жоғары. Осыдан барып, саудада жүргендер шығынын жауып, пайда түсіру үшін тауар бағасын көтеріп кеп жібереді. Базар қожайындарына барлығына бірдей  тариф енгізетін кез жетті және оларды қатаң бақылауға алуға тиіспіз.  Бағаның шарықтауына өзінше кедендік одақ та себеп болып отыр.  Қысқасы, қазір «қысқа жіп күрмеуге келмей тұрған» кез. Әкімдер үшін бұл - үлкен жауапкершілік.




Көрілген: 1692    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2014, 16:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30